Жас тарихшылар » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас тарихшылар
16
октябрь
2019

Жас тарихшылар

Оқушылардың жұмысын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының директоры, профессор Б.С.Жұмағұлов бастаған профессор-оқытушыларынан тұратын тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Барлық сайыскерлер жетекшілерімен бірге бір залда отырып, бірі-бірінің дайындаған жобаларымен танысып, қорғау барысын тыңдап, сұрақтар қойып, өзінің дайындығын салыстыра бағалауға мүмкіндік алды. Бес сағатқа созылған жоба қорғау сайысының және тест тапсырмаларын орындаудың қорытындысында «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясы бойынша №175 гимназияның оқушысы Жанерке Мадалиева, «Кіші Отанымның символы» номинациясы бойынша №175 гимназияның оқушысы Амина Есімжанова, «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы бойынша №12 мамандырылған гимназия оқушысы Қобыланды Нұрғалиев және «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша №62 гимназияның оқушысы Айгерім Әділет жеңімпаз атанып қараша айында өтетін республикалық сайысқа жолдама алды.
Мәліметтер inform.kz сайтынан алынды. белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/almatyda-en-uzdik-zhas-tarihshylar-anyktaldy_a3575957

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: