«Менің мамандығым – менің болашағым» конференциясы » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің мамандығым – менің болашағым» конференциясы
16
апрель
2019

«Менің мамандығым – менің болашағым» конференциясы

Сәуір айының 16–ыншы жұлдызында «Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясында «Менің мамандығым – менің болашағым» атты мектеп бітіруші оқушылардың қатысуымен кәсіби бағдар беруге бағытталған кеңейтілген ғылыми практикалық конференция өткізілді. Конференцияның қонақтары «Kasip» кәсіби бағдар орталығы, «Туран» университеті және «Алматы Технологиялық универсиеттерінің» өкілдері. Бұл конференцияның басты мақсаты болашақ жастарды мамандық таңдауда қателеспеуге және қоғам сұранысына ие кәсіп иесі болуға насихат жүргізу болып табылады. Қонақтар оқушылармен сөйлесу барысында олардың қызығушылықтарын арттырған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Основные инструменты форекс используют трейдеры рынка Форекс. Алдымен сөз тізгіні «Kasip» кәсіби бағдар орталығының басшысы С.М.Яхьяроваға берілді. Ол кісі сөз барысында: «Болашақтық тұтқасы сендердің қолдарыңда. Еліміздің атын жаңғыртар ел тұтқасын ұстайтын біздің жалғасымызсыздар. Сол себепті материалдық құндылықтың соңынан емес, білімнің соңынан қуалаңдар» деп жас буынға үлгілі сөзін жеткізді. Сонымен қатар «Туран» университетінің өкілі С. Томирис университеттері туралы жалпы мәліметтерін айтып берді. Сол арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыра түсті. Кезекті Алматы технологиялық университетінің ақпараттық талдау бөлімінің бастығы Ж.Б.Бозжигитова және технолого-экономикалық колледж өкілі Бахыт Аманкосовна ЖОО жетістіктерімен оқушыларға берілетін мүмкіндіктері туралы айтылды, дизайн мамандығының студенттерінің дипломдық жұмысының нәтижесін сән көрсетілім арқылы көрсетті. 
Бұл конференция оқушыларға тек қана қосымша ақпарат алу үшін ғана емес сонымен қатар болашаққа деген жарқын үміттерін арттыруға да өз септігін тигізді. Оқушылардың танымдық зейіндері ашылып сырлы және мәнді сұхбат болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: