Оқушыларға » 175 гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Оқушыларға
Топ жарған
03
июнь
2022
Топ жарған
Талай дарынның арасынан топ жарып, талай білім бәйнесінде оза шапқан талантты оқушымыз Талғат Інжу. Спорттық би, аспапта ойнау, интеллектуалды білім сайыстарының жүлдегері атанған оқушымыз биыл “Топ жарған. Самый лучший” республикалық балалар журналының алғашқы бетінен де орын алған оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз. Гимназиямыздың әрбір оқушысы тек қана үздіктердің қатарынан көріне берсін!  
“Біздің сыныптың сүйікті кітабы”
01
июнь
2022
“Біздің сыныптың сүйікті кітабы”
Бүгін Алматы қаласының Бас Ботаникалық бағында “Балалар жылына” орай 1 маусым – халықаралық балалар күні қарсаңында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен “BalaFest 2022” концерт-фестивалі өтті. Шараға ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзі қатысып, жас балдырғандарға өз тілегін білдіріп, арнайы ұйымдастырылған көрмемен танысты. Аталған фестифальде “Біздің сыныптың сүйікті кітабы” бағыты бойынша қалалық кезеңнің 3-орынын иеленген оқушыларымыз Асқар Айғаным (жетекшісі Алсай Мәулен) мен
БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР
21
май
2022
БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР
Жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиада да құқық негіздері пәнінен 10 "Ә" сынып оқушысы Асқарова Насима 1-орынды иеленіп, 200 000 теңге сыйақымен марапатталды. Пән мұғалімі Қасенова М.А.. Жоғарғы жетістіктерімен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!  
"Мағжан оқулары" жеңімпазы
20
май
2022
"Мағжан оқулары" жеңімпазы
Мамыр айының 18-і күні өткен қалалық “Мағжан оқулары” байқауында гимназиямыздың оқушысы Жарқынбек Ерсұлтан (жетекшісі: Алсай Мәулен) “Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған” номинациясы бойынша 1-орынды иеленіп, Петропавл қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. Маусым айында өтетін додада Ерсұлтанға сәттілік тілейміз. Жарайсың!