13
апрель
2019
«Әдебиет көшбасшысы» зияткерлік сайысы

Мақсаты: Оқушылар қазақ әдебиеті пәні бойынша білімдерін тексеру барысында өз бойындағы көшбасшылық қасиетін оятады, сайыс барысында білімін шыңдайды.
Міндеттері: Оқушылардың ізденімпаздыққа дағдыландыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, белсенділігін жетілдіру.

«Әдебиет көшбасшысы» зияткерлік сайысы 3 кезеңді қамтыды.
1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген. Бірінші болып таяқшаны көтерген оқушы жауап береді. Егер жауап бере алмаса, келесі таяқшаны көтерген оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 ұпайдан есептеледі. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығарылады.
2 кезең «Додада» 8 тақырып 4 сұрақтан әзірленген. Оқушы таңдаған тақырыбының 4 сұрағына жауап беруі керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан ұпай беріледі. Ең төмен ұпай жинаған 5 оқушы ойыннан шығады. Шарт бойынша ең ұпайы төмен оқушы тақырып таңдайды.
3 кезең “Жорға” кезеңінде 3 тақырып беріледі. Әр тақырыпта 20, 30, 40 ұпайлық 3 сұрақтан бар. Оқушы өзі қалаған жәшікті таңдап, сұрақтарға жауап береді. Сайыс соңында ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз болып саналады.