«Жаңа Ғасырдағы» - цифрлы сауаттылық » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаңа Ғасырдағы» - цифрлы сауаттылық
08
февраль
2019

«Жаңа Ғасырдағы» - цифрлы сауаттылық

Қазіргі таңда дамуды информация (ақпарат) әлемінде өмір сүруге үйрету – білім беру саласының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Цифрландыру дегеніміз – Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсат емес, құрал. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы – мақсат»,- деп Жолдауда нақты ашып көрсетті.

Әлем жаһандық цифрландыру кезеңінде өмір сүруде. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, Алматы қаласы Әуезов ауданы «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру шараларын бастап кетті. Бұл ұжым 6-7 ақпан күндері «Жаңартылған бағдарлама аясында мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған қалалық семинар өткізілді.























Гимназия директоры Мәнекева Г.Б сөз басында өз ұжымының «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту» бағдарламасы аясында цифрландыру ісі табысты жүзеге асырылып отырғанына тоқталды: «Бізде цифрлы технология бойынша оқу кабинеттерге жаппай компьютерлер қойылды. Компьютерлерді үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады. Ақпаратты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды. Оқушыларды   электронды түрде қабылдаймыз. Сондай-ақ, мұғалімдердің құрамы да автоматтандырылған. Сонымен қатар, «Күнделік» жүйесімен жұмыс 100 пайыз жүргізілуде. Гимназия сайтында барлық мүмкіндік беретін тетіктерді ата-аналарға және оқушыларға беру жоспарланған. Бізде нақты жоспар бар, сондықтан да жыл соңына дейін цифрлық білім беру жүйесімен таныстыру ескерілген.

Бұрын мектепте қолмен толтырылған құжаттар қазір автоматты түрде жасалады. Барлық деректер нақты уақыт режимінде жаңартылды».

Сөз соңында білім сапасын арттыру, адами факторлардың араласуын азайту бойынша жұмыс жалғасатынын мәлімдеді. Істеліп жатқан істің дәлелі цифрлы ақпаратта көрсетіліп отырды.

Семинарда отырған әріптестер мектеп сайтын ашып, іс-номенклатурасы негізінде барлық құжатты сайтқа кіргізіп қойғанын көрді.

Гимназияның оң тәжірибесі барлық ауданға таратылатылды. Семинардың сапалы жұмыс істеуге ықпал етіп отырғаны айтылды.

Қазіргі заман талабына сай «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында осындай жұмыстар бұдан былай да жалғаса берсе деген ұсыныстар қабылданды.

       Өзекті мәселелер ортаға салынып, пікір алмасқан соң, жиынға қатысушылар ортақ шешімге келіп, ашық сабақтарға қатысты. Ашық сабақтар бойынша сабақ берген мұғалімдерге семинарға қатысушылар кері байланыстарын берді.

Семинар соңында,   директордың оқу ісінің меңгерушілері  Батырбекова Ж.С., Закирова А.С. жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес мұғалімдердің кәсіби жетістіктерін бағалау әдісін, жаңартылған бағдарламаға қамтылған сыныптардағы мектепішілік бақылаудың тиімді жолдарын көрсетіп, қонақтардың сұрақтарына жауап беріп, келген қонақтарға оқудағы қызметтеріне сәттілік тілеп, биіктен көрінуіне ниеттес екенін білдірді.



Директордың оқу ісі жөніндегі 

орынбасары Батырбекова Ж.С.

«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: