«Әдістемелік көпір: мұғалім - әдіскер»
«Әдістемелік көпір: мұғалім - әдіскер»
Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Осыған орай «Жаңа Ғасыр» № 175 гимназияда «Әдістемелік көпір: мұғалім -әдіскер» тақырыбында қалалық іс – шара болып өтті. Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми - әдістемелік орталығымен бірлескен шара алғаш рет қала көлемінде білікті басшы Гаухар Бозжігітқызы бастаған гимназия ұжымының бастамасымен өткізілді. Сондай-ақ, аталған шарада «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия ұжымы қала бойынша бірінші болып Елбасымыздың «Цифрлы Қазақстан» жобасы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 615 бұйрығы негізінде мектепте жүргізіліп отырған «Цифрлы мектептің» жұмысымен таныстырып, жаңалықтарымен бөлісті.



Гимназиямыздағы zhanagasyr175.kz сайтының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері көпшіліктің көңілінен шықты. Шараға қатысушылар электронды жүйеге көшірілген құжаттарға ерекше қызығушылықтарын білдіріп, қала, республика көлемінде іс – тәжірибе ретінде таратылса деген ұсыныстарын білдіріп жатты. Іс – шара барысында гимназиямыздағы «IT ROOM» техникалық білім зертханасының жұмысы мен мүмкіндіктері көрсетілді. Оқушылармыз 3D – Printing арқылы жасалған еңбектерімен, Arduino және LEGO роботтарының ерекшеліктері туралы бөлісе отырып гимназиямызда техникалық саланың қарқынды дамуына көңіл бөлініп отырғандығын дәлелдеді. Сонымен қатар келген қонақтар «Ғажайып химия», «Физиканың қолданылу аясы мен өрісі» тақырыбында жасалған тәжірибелік жұмыстар мен үрдіске айналған берері мен үйретері көп «Мен пәніммен мақтанамын», «Тәрбие мен білім егіз» танымдық-интеллектуалдық іс –шарасын ерекше ықыласпен қабылдады.

Әдістемелік көпір барысында жаңартылған білім беру негізінде ашық сабақтар өткізілді.




Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған семинардың бергені мен көпшіліктің көңіліне қуаныш сыйлағаны анық. Қашанда жаңалықтың жаршысы, жақсы істердің бастауышы бола білген «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия ұжымының алар асу алда.
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.А.Қаратаева