Спорттық Алматы » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Спорттық Алматы
18
октябрь
2018

Спорттық Алматы

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты халыққа Жолдауында  айтылған  бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында «Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясында «Спорттық Алматы – 2018»  атты бағдарлама негізінде 17.10.2018 жылы жарыс өтті.

Оқушыларды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен   айналысуға тарту бағдарламасы негізінде, Алматы қаласының Әкімі Бауыржан  Байбек мырзаның бастамасын қолдау мақсатында «Жаңа Ғасыр» №175 гимназияда мектепішілік жарыс өтті.

Гимназиямыздың  директоры   Гаухар Бозжігітқызы Манекеева ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану керектігін баса айтты.Сондай-ақ жарыс соңында оқушыларды марапаттады.

        Сонымен бірге, гимназиямыздың «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының  төрағасы Т.К. Интин  құттықтау сөз алып, жасөспірімдерді өз тілектерімен жігерлендіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Спорттық Алматы – 2018»  атты спорттық бағдарламаның басты мақсаты: 

1. Оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен үнемі белсенді айналысуға шақырып, бойларында денсаулыққа ұқыптылықпен қарау қасиеттерін қалыптастыру;

2. Дене шынықтыру және спорт түрлерімен белсенді айналысуы үшін балалар мен жасөспірімдердің  ынталарын арттыру;

Жарыстың міндеттері:

1. Салауатты өмір салтын жүргізу қажеттігі арқылы  гимназия қабырғасынан бастап аддиктивті мінез-құлықтың алдын алу (тәуелділік).

2. Темекі шегу, алькогольді, есірткі заттарын пайдалану, эмоционалды және психикалық кернеулігі сияқты денсаулыққа кері әсер ететін факторлармен күресу;

3. Өзін-өзі жетілдіру, дене беллсенділігін қанағаттандыру қажеттілігі (дене бітімінің дамуын жақсарту, физикалық және психикалық сапаларын дамыту, денсаулығын нығайту): өзін-өзі білдіру және өзін-өзі таныту, қатарластарынан төмен болмау, бәсекелестіктен әсерлер алу, жеңіс қуанышы, командалық рух, өзін ұжымның мүшесі ретінде сезіну. 

Жарыстың өту ережесі бойынша 5-сыныптар қазақтың ұлттық ойыны асық ату (ұлдар, қыздар), 6-сыныптар ұлдар кіші футбол, қыздар айып добын орындау, 7-сыныптарда ұлдар арқан тарту, ал қыздар секіртпе секіру, 8-сыныптарда баскетбол ойындары ұлдар мен қыздар арасында жүргізілді.

Гимназия оқушылары жарысқа белсене атсалысып, нәтижесінде көрсеткен жетістіктері: 

Асық таудан (ұлдар арасында) I орын – Телешов Елнұр 5 «Е», II орын –Ахатай Данияр, Айдар Айдын 5 «А» – III орынды қанжығасына байлады.          

Асық таудан (қыздар арасында) Алихан Адия 5 «Г» – I орын, Ұлтарақова Ғалия 5 «Е», III орын – Айдынқызы Айгерім 5 «Е» сыныбы иеленді.

Айып добын орындаудан (қыздар) I орын –  Аязова Зере 6 «Ә», II орын –  Нұрғалиева Камила 6 «Ә», III орын – Рысқан Баян 6 «Ә» сынып оқушылары иеленді.

Кіші футболдан (ұлдар) I орын – 6 «Ә», II орын – 6 «Ғ», III орын – 6 «А» сынып командалары иеленді.

Секіртпемен секіруден I орын – 7 «А», II орын – 7 «М», III орын – 7 «Б» сынып командалары иеленді.          

Арқан тартудан I орын – 7 «А», II орын – 7 «М», III орын – 7 «Б», (ер балалар) сынып командалары алды.

Баскетболдан (ұлдар) I орын – 8 «Ә», II орын – 8 «А», III орын – 8 «Ғ» сынып командалары иеленді. 

Баскетболдан (қыздар) I орын – 8 «Ә», II орын – 8 «Г», III орын – 8 «А» сыныптары иеленді. 

«Жаңа Ғасыр» №175 гимназияда «Спорттық Алматы – 2018» бұқаралық спортты дамытуға арналған  бағдарламаны одан әрі дамытып, оқушылар арасында кеңінен насихаттап, болашақ ұрпақты дені сау азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар үнемі жүргізіп отырады. 



«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия 

Директордың тәрбие ісі 

жөніндегі орынбасары: Турсынова Айнұр.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: