Бала еңбегі - ел болашағының жетістігі » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бала еңбегі - ел болашағының жетістігі
18
апрель
2019

Бала еңбегі - ел болашағының жетістігі

Тал бесіктен жер бесікке дейінгі бала өмірінің кезеңдері оның болашағын анықтайтын сатылары іспетті. Тәрбие мен білімді ұштастыра білген және оны аша білген ұстаз ғана ел мақтанышына айналар ұлт тәрбиелей алады. Ұстаздық өмір ол балаға қажетті ақпаратты беріп оқыту ғана емес, сонымен қатар талантты жас буынды дүниеге әкелу ісі. Баланың дарындылығын көрсете білумен қатар оны дамыта білудің өзі үлкен жетістікпен пара-пар. «Ұстаздан шәкірт озар» деген ұлағатты сөздің астарында үлкен мән жатыр. Осы сөзіміздің мысалы ретінде «Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясындағы 5 «Ә» сынып оқушысы Нұрланұлы Бағдәулетті үлгі тұтуға болады. Себебі бұл бала өз жасына қарамай көшбасшылық қабілетіне ие жеткіншек. Жас болсада өз ісінде бас бола білген бұл дара қабілет иесі жақында өткен жас бизнесмендердің клубының кезекті кездесуіне қатысып ең жас кәсіпкер атанды. Кездесу барысында ҚР мәжіліс депутатының, еліміздің ең беделді олигархының көзіне түсе білген Бағдәулеттің қабілеті ерекше екенін түсінуге болады. Жас кәсіпкердің дөңгелетіп отырған кәсібі бөдене құсы болып табылады. Олардың бағып-баптаумен қатар, санын көбейту ісі жоспарланып іске асырылып жатыр. Қазіргі кезде ең пайдалы әрі дәмді тағамға айналған бөдене жұмыртқасы екендігі анық. Сондықтан қазіргі таңда Бағдәулет бөдене жұмыртқасын Алматы қаласында түрлі ресторандарға өткізіп, қаржы табуда. Кәсіпкердің орта айлық табысы кәсібін дамытуға жеткілікті. Өз құрдастарына қарағанда дара шаба білен бұл құлыншақ, болашақта жүйрік тұлпарға айналары анық. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: