Тікелей эфирде мектеп оқушылары
Сенбі күні тікелей эфирде мектеп оқушыларымен әңгімелестім. Армандары тілші болу екен. Сондықтан олар белсенділік танытып, маған біраз сұрақтар қойды, жақсы сұхбат өткіздік. Балаларды әртүрлі тақырыптар қызықтырды: дәстүрлі оқу форматына оралу, пандемия аяқталғаннан кейін онлайн-оқыту элементтерін пайдалану мүмкіндіктері, қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері және ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу.