Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Біз туралы
Жас өркен – жарқын болашақтың бастауы!
09
апрель
2026
Жас өркен – жарқын болашақтың бастауы!
“Жас Өркен” Жас мамандар апталығы✨ Мектебімізде өтіп жатқан жас мамандар апталығы аясында “Оқушы мен мұғалім – бір толқында” атты ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – мұғалім мен оқушы арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту, заманауи көзқарас пен жаңа идеяларды біріктіру болды. Іс-шара барысында қатысушылар бір толқында жұмыс жасап, қызықты тапсырмалар орындап, өзара еркін пікір алмасты. Бұл – ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтерген әсерлі
Шеңбер және дөңгелек, оның элементтері
08
апрель
2026
Шеңбер және дөңгелек, оның элементтері
«Жас Өркен” жас мамандар апталығы аясында математика мұғалімі Хумырбек Жандостың 7 сәуір күні 7 «Ғ» сыныбында геометрия пәнінен ашық сабағы болды. Тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек, оның элементтері Сабақ ерекше форматта өтті — оқушыларға қызықты болу үшін Наруто анимесімен байланыстырылды 🔥 Әртүрлі қызықты тапсырмалар орындалып, оқушылар жоғары белсенділік танытты. Осындай форматтағы сабақтар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсетіні анық ​     Посмотреть эту публикацию в
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ
07
апрель
2026
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ
“Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 11 “А” сыныбында «Мен таңдаған жол” тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар денсаулықтың маңызын талқылап, салауатты өмір салтының ғылыми негіздерін қарастырды. Топтық жұмыстар, пікірталас және өмірлік жағдайларды талдау арқылы әр оқушы өз таңдауы мен болашағына жауапкершілікпен қарау керектігін түсінді. “Мен таңдаған жол” рефлексиясы арқылы оқушылар өз мақсаттарын айқындап, пайдалы әдеттерді қалыптастыруға бағыт алды. Денсаулық –
«Жас Өркен” жас мамандар апталығының ашылуы
06
апрель
2026
«Жас Өркен” жас мамандар апталығының ашылуы
ХАБАРЛАНДЫРУ ✨ «Жас Өркен” жас мамандар апталығының ашылуы ✨ 🗓 Күні: 06-17.04.2026 ⏰ Уақыты: 7:30-19:30 📍 Өтетін орны: Интернет желілерінде хабарланып отырады Бүгін мектебімізде жас мамандар апталығының салтанатты ашылуы өтті. Бұл апталық – білім жолындағы алғашқы қадамдарын нық басып келе жатқан жас ұстаздардың шығармашылығын шыңдап, тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік береді. Апталық барысында жас мамандар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, тың идеяларымен бөліседі. Әрбір сабақ – ізденіс
“Жас өркен” жас мамандарының онкүндігі✨
06
апрель
2026
“Жас өркен” жас мамандарының онкүндігі✨
“Жас өркен” жас мамандарының онкүндігі✨ Бүгін мектебімізде “Жас өркен” жас мамандарының онкүндігінің ашылуы ерекше атмосферада өтті 🌱 Шара аясында әр кафедраның ұйымдастыруымен дайындалған таңғы фуршет көрер көзге эстетика, көңілге қуаныш сыйлады 🍓🥐 Бұл тек дәмді дастархан ғана емес, сонымен қатар бірлік пен ынтымақтастықтың, шығармашылық пен жаңашылдықтың көрінісі болды ✨ Жас мамандарға сәттілік тілейміз! Алдағы күндер шабыт пен жетістікке толы болсын! 💚 #ЖасӨркен #ЖасМамандар #МектепӨмірі
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі: “Өсімдік және музыка”
14
ноябрь
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі: “Өсімдік және музыка”
Бүгін гимназиямызда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманжолова С.С. 5«Е» сыныбымен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы “Өсімдік және музыка” 💡 Сабаққа психологиялық ахуалды тудыру және жаңа сабақтың тақырыбын болжауға “Интуиция” әдісін ұтымды қолданды. 10 минуттық тест арқылы өткен сабақты пысықтау мақсатында Classtime платформасы арқылы алды. Сабақтың мақсатына жету үшін ЖИ орынды қолданып, топтық тапсырма жасатты. Сөздің тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратып қолдануда WordWoll
Ашық сабақ: Мұрат Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңі.
13
ноябрь
2025
Ашық сабақ: Мұрат Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңі.
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясындағы ашық сабақ Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі шеңберінде Бейсекова Қолқанат 8 «Е» сыныбымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы – Мұрат Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңі. 💡 Сабақ барысында мұғалім заманауи ЖИ (жасанды интеллект) құралдарын тиімді пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Оқушылар өлеңнің мазмұнын талдап, ақынның ой-толғамдарын қазіргі өмірмен байланыстырып, өз пікірлерін еркін жеткізді. 📝 Оқушылар
ОНКҮНДІК
12
ноябрь
2025
ОНКҮНДІК
“Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті” кафедрасы онкүндігінің салтанатты ашылуы болып өтті. Салтанатты ашылуына гимназиямыздың талантты шәкірттері өз өнерлерін көрсетіп, танымы биік таныстырылым жасады. “Абай және шәкірттері” тақырыбында көрініс қойып, қазақша би билеп, әуендетіп ән салды. Аспапта күй ойнап, көркем сөз шебер орындалды.  ​     Посмотреть эту публикацию в Instagram     Публикация от Жаңа Ғасыр (@175gymnasium) ​​​
«Қызықты қоңырау: Сөз маржаны»
11
ноябрь
2025
«Қызықты қоңырау: Сөз маржаны»
“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының онкүндігі аясындағы қызықты шара өтті! ✨ 10 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Б.Кесикбаеваның ұйымдастыруымен «Қызықты қоңырау: Сөз маржаны» атты іс-шара өткізілді. 🔹 Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тіл байлығын арттыру, қазақтың мақал-мәтелдерін еске түсіріп, мағынасын ұғындыру болды. Қоңырау уақытында оқушылар мақал-мәтелдерді жалғастырып, бір-бірімен жарысып, өз білімдерін көрсетті. 💬 Оқушылар белсенді қатысып, ұлттың асыл сөз
«Сөз маржаны»
11
ноябрь
2025
«Сөз маржаны»
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Орынова Б.У. гимназия оқушыларына «Сөз маржаны» тақырыбында қызықты қоңырау ұйымдастырды. Балалар ойын арқылы сөз маржандарын еске түсірді. Асық элементі олардың ұлттық құндылықтарды бойға сіңіруіне ықпал етті. Балалар өте қуанышты көңіл күйде тарқасты.  ​     Посмотреть эту публикацию в Instagram     Публикация от Жаңа Ғасыр (@175gymnasium) ​​​