«Айбын – 2026»
2026 жылдың 11, 18 наурыз және 1 сәуір күндері үш кезеңнен тұратын қалалық «Айбын – 2026» әскери-патриоттық жастар жарысы өткізілді. Аталған жарыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын арттыру, әскери дайындық деңгейін жетілдіру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың әскери-қолданбалы спорт түрлеріне деген қызығушылығын дамыту болып табылады. Жарыс бағдарламасына турникке тартылу, шалқайып жатып денені көтеру, АК-74 автоматын бөлшектеу және жинау, жалпыәскери қорғаныс