Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 69
Жолда жүру ережелері
15
октябрь
2021
Жолда жүру ережелері
Бастауыш сынып мұғалімдері Насурллаева Қ.А мен Жарылқасынова А.О ұйымдастыруымен сыныптан тыс іс шара ұйымдастырылды. 4 сынып оқушылары 1-сынып оқушыларын жолда жүру ережесімен таныстырды. Мақсаты: жолда жүру ережесін есте сақтау, жол белгілерінің түрлерімен таныстыру, бағдаршам туралы толық білу, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету Бағдаршамның түстерін үш тілде айтып, 1 сынып оқушыларының  сұрақтарына жауап беріп , өздерінен кіші буынға үлгі бола білді.
Қалам мен қаруды қатар ұстаған — Қасым Аманжоловқа 110 жыл!
08
октябрь
2021
Қалам мен қаруды қатар ұстаған — Қасым Аманжоловқа 110 жыл!
Қалам мен қаруды қатар ұстаған — Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай Қазақстан Жазушылар кітапханасында өткен іс-шарада гимназиямыздың оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп  оқыды. Сонымен қатар оқушылар ақын шығармашылығына ұйымдастырылған көрмемен танысты.
“Қарты бар үйдің қазынасы бар”
01
октябрь
2021
“Қарты бар үйдің қазынасы бар”
“Қарты бар үйдің қазынасы бар” демекші, қазақ қарттарын құрметтеген ел. Қашан да қарияға төрден орын беріп, қадірін түсірмеген. Ал бүгін сол байлыққа бергісіз қасиетті қарттарымыздың төл мерекесі! Барша ардагерлеріміз бен асыл әжелерімізді бүгінгі мерамымен шын жүректен құттықтаймыз! Текккен тердің өтеміндей өмірлеріңіз бақыт пен шаттыққа толы болсын#175гимназия
"Мықты қарт-мықты жастан шығады "
30
сентябрь
2021
"Мықты қарт-мықты жастан шығады "
"Мықты қарт-мықты жастан шығады " демекші,біздің жас буын бастауыш сынып оқушылары өздерінің қарияларды қаншалықты құрмет тұтатындықтарын "Қарттарым-асыл қазынам" атты эссе байқауында көрсете білді. Бұл байқаудың мақсаты: үлкенді құрметтей білу,ақыл-кеңесіне жүгіну,қариялардың даналығын меңгеру. Ендеше,1 қазан "Қарттар күні " құтты болсын! Ақылы дариядай қарияларымыз аман болсын!  
Тілдер апталығы
14
сентябрь
2021
Тілдер апталығы
Өткен апта мектебімізде Тіл мерекесіне орай “Тілдер апталығы” жарияланған болатын. Соған орай, гимназия ішінде әртүрлі ашық сабақтар мен дебаттар және де сайыстар өткізілді, оқушылар өз шығармашылықтарымен қоса, ақындар мен жазушылардың шығармаларынан мектеп радиосы арқылы өлеңдер мен эсселерін оқыды. Назарларыңызға ұсынылып отырған бейнеролик “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының апталық барысында өткізген шараларынан шағын таныстырылым.
"Менің мерейлі отбасым"
13
сентябрь
2021
"Менің мерейлі отбасым"
"Менің мерейлі отбасым" тақырыбындағы сурет көрмесі