Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбы – құрдастарым! » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбы – құрдастарым!
25
май
2021

Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбы – құрдастарым!

Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбы – құрдастарым!
Мінеки, бүгін біз үшін қоңыраудың сиқырлы да сазды әуені соңғы рет ән салмақ. Және ол ән барлығымызды сонымен бірге өмір деп аталатын алып күре жолдың төскейіне шығарып салар. Бізді қаншама жыл оқытып, білім берген, тәрбие берген аяулы ана мектебіміз бен құрметті ұстаздарымыз іштей тілектестік білдіріп, сәт – сапар тілеп қалар. Бәлкім, ұстаз көңiл толқыр және сол толқынысты сәтте де біздің барлығымыздың алдағы өмiр жолымызға жақсылық, тек қана жақсылықтар тілер. Құрметті менің құрбыларым, достарым, мінеки, сіздерге деген осынша құрметтің жанында жауапкершілік деп аталатын жүгі қомақты нәрсе де қатар жүргенін байқап отырған шығарсыздар. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз. Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: