15
май
2021
Отбасы – өмірдің есігін ашқан жаңа адам үшін алғаш мектеп болып табылады.
Отбасы – өмірдің есігін ашқан жаңа адам үшін алғаш мектеп болып табылады. Отбасы — қиналғанда қайғыңмен, қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын аяулы жандар. Отбасының тірегі — сүйіспеншілік, бірлік және сенім.Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті.Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес.