Құрметті, №175 Гимназия ұжымы, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті, №175 Гимназия ұжымы, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
01
сентябрь
2020

Құрметті, №175 Гимназия ұжымы, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

Құрметті, №175 Гимназия ұжымы, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Сіздерді жарқын да қуанышты, мереке Білім күнімен құттықтаймын!
 Білім күні бүгінгі таңда бүкіл халықтық мереке! Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алатын орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде бүгінгі күн мәңгіге сақталады. Бүлдіршіндер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам. Сол себепті, дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
 Барлығыңызға белгілі, бүкіләлемдік пандемия біздің елімізді де айналып өтпеді. Соның кесірі елімізде де, соның ішінде білім беру саласында да өз қиыншылығын тудырды. Сол себеппті, аталған өзгерістер салдарынан білім беру мекемелері өткен оқу жылының соңғы ширегінен бастап дәстүрлі форматтан қашықтан оқу форматына ауысты. Биылғы басталғалы отырған оқу жылы да аталған форматта жалғасын таппақ. Осы бағытта біздің гимназия адам факторының маңыздылығын ескере отырып, педагогтар мен оқушылардың барлық карантиндік ескертулерді сақтап оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беретін болады. Педагогтардың қашықтан оқыту құзыреттілігін дамыту мақсатында арнайы курстардан өту жүйелі түрде күн тәртібіне қойылды. Қашықтан оқыту форматы негізінде техникалық құрал- жабдықтар гимназия тарапынан мұқтаж оқушыларға таратылып, сапалы білім беруге барлық жағдай жасалып отыр. Аталған оқу жылына дайындық жоспарлы түрде жүріп, ауқымды жұмыстар атқарылды.
 2019-2020 оқу жылы гимназия үшін табысты жыл ретінде есте қалды. Атап айтсақ, гимназиядан түлеп ұшқан 57 түлектеріміз ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің үздік университеттерінің мемлекеттік білім гранттарын жеңіп алды. Сондай-ақ, республикалық, қалалық оқушылар олимпиадасында да гимназия оқушылар үздік нәтижелерден көрінді. Ұстаздарымыз дәстүрлі жарыстардын топ жарып гимназия абыройын асқақтатты. Бұл гимназия ұстаздарының шәкірттерге білім беру жолындағы ерен еңбегінің жемісі деп білеміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив