Жолдауды қолдау-азаматтық борышымыз » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жолдауды қолдау-азаматтық борышымыз
08
октябрь
2020

Жолдауды қолдау-азаматтық борышымыз

Жолдауды қолдау-азаматтық борышымыз
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, «Жаңа Ғасыр» №175 гимназияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын талқылауға арналған жиын zoom платформасында болып өтті.  
 Жиынды гимназия  директоры Г.Б. Мәнекеева ашып берді.  
 «Президент халықтың әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамытуға баса назар аударып отыр. Жолдауда мектеп жасына дейінгі балалардан бастап бүгінгі күні зейнетақы қоры бар адамдарға дейін ерекше көңіл бөлінген. Атаулы әлеуметтік көмек, аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, тең мүмкіндіктер жасау мәселелері айтылды»,-деп баяндамашы Ж. С. Батырбекова түсіндіріп өтті.
Халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту, тұрғындардың табыс көзінің өсуі туралы тарауға А. Салимбаев, ал сапалы білім мәселесі мен денсаулық туралы бөлімге А. Қанапиянова  талдау жасады.  А. Қаңтарбаева логистикалық жүйе мен  темір жол торабын орынды пайдалану бағытына  тоқталып, одан туындайтын мақсат-міндеттерді іске асыру жайына талдау жасады. Президенттің ауыл, баспана, «Аңсаған сәби» эко бағдарламасын көбейту туралы айтқан келелі сөздеріне Бертаева Мақпал да үн қосты.
Жолдаудың 5 бағыты бойынша талдау жасалып, түсініктеме берілді. Мұғалімдер Жолдауды ерекше ықыласпен қабылдады, өз ойларымен бөлісті, бірауыздан қолдау білдірді.
Жарыс сөзге қатысқан А. Жатақбаева «Жолдау бәрінен бұрын қарапайым азаматтардың мүддесін көздейтіні қуантады» десе, А. Ажибаева: «Мемлекет басшысының тапсырмаларын жоғары деңгейде жүзеге асыруға бар күшімізді салатын боламыз, бізге зор ықпал тигізетініне сенеміз»,- деді. С. Самсалиева Президенттің білім беру саласына білімді де білікті маман керек болса, алдымен олардың еңбекақылары көтерілуі қажет деген пікірлері көңіл қуантатындығын айтып өтті.
Қорыта айтқанда, Президенттің әлемдік сын-қатерлерге төтеп беретін даму мен жаңаруды күн тәртібіне қоюы – бәрімізге елеулі міндет жүктейді.
Жолдаудағы мемлекет тілі бастаған үш тілді терең меңгеру жайы, орта мектептің білім мазмұны, кәсіптік білім беру, цифрлы білік, оқу жүйесін сапаландыру және жеке капиталға тарту т.б. елеулі тұжырымдар саланың жаңа жағдайдағы дамуына кең жол ашады деп ойлаймын.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: