Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 41
ТОСЫН СҰРАҚ. Самсалиева Сәуле
20
апрель
2021
ТОСЫН СҰРАҚ. Самсалиева Сәуле
Сабақ процесінде оқушыға тосын сұрақ қою маңызды болып табылады. Бұл  білім алушыны жаттандылықтан шығарады. Балаларды проблема шешудің барлық ықтимал жолдарын табуға көмектесу қажет. Ересектер мұнда дұрыс жауап беруден гөрі соған алып баратын жолдың маңызды екендігін ұмытпауы керек. Сондықтан мұғалім балалардың ұсынған кенет ,оқыс, бұрын -соңды кездеспеген жауаптарынан шошымау керек. керісінше оларды қолдап,қуаттағаны жөн.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап
16
апрель
2021
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап
15.04.2021 жылы гимназиямызда "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап" рухани-мәдени акциясы аясында қысқа әңгіме шебері, ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің "Өнер -білім бар жұрттар"  шығармалар жинағы бойынша оқырмандар конференциясы онлайн форматта өтті. Конференция мақсаты: ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин шығармашылығын талдай отырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын дамыту.
12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні
12
апрель
2021
12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні
12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. 2011 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев жарлық шығарып, 12 сәуірді ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітті. Мерекені атап өту 2012 жылдан басталды. Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген. Осындай ерекше күнге орай гимназия оқушылары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлем тілдері факультетінің профессоры Сансызбаева Сандуғаш
Қазақстанның "Байқоңыр" айлағынан алғашқы ғарыш кемесі көкке көтерілді
12
апрель
2021
Қазақстанның "Байқоңыр" айлағынан алғашқы ғарыш кемесі көкке көтерілді
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның "Байқоңыр" айлағынан алғашқы ғарыш кемесі көкке көтерілді. Бұл – адамзат тарихындағы айтулы оқиға еді. Осылайша Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Одан бергі аралықта қаншама ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовте бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды. Осы мерекеге
Елімізде геологтар күні мерекесі қарсаңында 9 сыныптарда "Геологиялық мұражайға саяхат" сабағы өткізілді
08
апрель
2021
Елімізде геологтар күні мерекесі қарсаңында 9 сыныптарда "Геологиялық
Елімізде геологтар күні мерекесі қарсаңында 9 сыныптарда "Геологиялық мұражайға саяхат" сабағы өткізілді.  Оқушыларға қазақтың тұңғыш геолог ғалымы , академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев  атындағы және  осы мереке қарсаңында Нұрсұлтан қаласында ашылған геологиялық мұражай туралы таныстырылды.  Оқушылар Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің өмір жолымен танысты.  Мұражайдағы әр экспонат туралы құнды мәліметтер берілді. #175gymnasium  #175жастары
“Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл” тақырыбында пікірталас өтті
08
апрель
2021
“Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл” тақырыбында пікірталас
Бүгін 10-сыныптар арасында, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай “ Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл” тақырыбында пікірталас өтті.  Пікірталаста оқушылар белсенді қатысып, “Семей ядролық полигоны” туралы жинақтаған ақпараттарымен бөлісе алды. #175gymnasium  #175жастары
“Гүлдене бер, Қазақстан”
29
март
2021
“Гүлдене бер, Қазақстан”
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған “Гүлдене бер, Қазақстан” сурет байқауы. #175gymnasium
ГИМНАЗИЯ ТЫНЫСЫ
29
март
2021
ГИМНАЗИЯ ТЫНЫСЫ
ГИМНАЗИЯ ТЫНЫСЫ Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай гимназиямызда 5 сыныптар арасында “асық ату” жарысы ұйымдастырылды.  1- орын 5 “Г” сынып 2-орын 5 “А” сынып 3-орынды 5 “Ә” сынып оқушылары иеленді.  Үздік ойыншы ретінде Сұлтанов Ералы, Бекмұхамбет Тоғжан, Сейсенбек Каусар танылды. Жеңістеріңіз құтты болсын. #175gymnasium #175жастары