Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 27
БАСТАУЫШ ТЫНЫСЫ
14
сентябрь
2022
БАСТАУЫШ ТЫНЫСЫ
Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, педагог, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл толуына орай 4 - сынып оқушылары мерекелік іс - шара өткізді. Оқушылар ақынның өмірбаянын әңгімелеп, шығармаларын, аудармаларын атап, " Сандықша" сұрақтарына жауап берді. Оқушылар ғалымның "Қасқыр мен қозы" шығармасын сахналады. Бұл әдеби - танымдық сабақ оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, ақынның шығармаларына деген қызығушылығын арттырды.  
Дебат ойындары
13
сентябрь
2022
Дебат ойындары
13 сентября текущего года в нашей гимназии прошли дебаты на тему «Русский язык в тренде», приуроченные к Дню языков. В этой интеллектуальной игре приняли участие команды 10-11 классов. Прения проходили в Американском парламентском формате (АПФ). В Парламенте выступили ученики 10 «Г» класса Дюсупова Аружан и Мурат Ерасыл. А команду Оппозиции представили ученик 11 «А» класса Меймантай Мейіржан и ученица 10 «Б» класса Гайнарқызы Інжу. Таймкипером был ученик 10 «Ә» класса Мұхтар Бекарыс. Спикеры
"Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл"
12
сентябрь
2022
"Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл"
"Жаңа Ғасыр" №175 гимназияның 9 "Е" сыныбында сынып жетекшісі Р.С.Дошанованың ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай "Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл" атты іс-шарасы болып өтті. Оқушылар түрлі викториналық сұрақтарға жауап беріп, ақынның өміріне шолу жасап, ой-өріс, танымдарын кеңейте білді.Соңында белсенді қатысқан оқушылар мектепішілік мақтау қағазымен марапатталды.  
“Балалар оқуға бар, жатпа қарап!”
11
сентябрь
2022
“Балалар оқуға бар, жатпа қарап!”
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бектанова Зульфия 6 “ә “ сынып оқушыларымен “Балалар оқуға бар, жатпа қарап!” тақырыбында зияткерлік сайысын өткізді. Сабақ барысында оқушылар өздерінің білімін көрсете отырып, әртүрлі топтық, жұптық және жеке тапсырмалар орындады. Сабақ қызықты өтті, оқушылар тапсырманы белсенді орындап, қарсылас топтардың жауаптарын бағалады.
«Ұлтының ұлы ұстазы»
10
сентябрь
2022
«Ұлтының ұлы ұстазы»
09.09.2022 жылы 6 «Е» сынып жетекшісі Ә.С.Құлмаханбетова сыныбымен қазақ халқының бiртуар ұлы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына арналған «Ұлтының ұлы ұстазы» атты ашық тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық
"Қазақтың дара тұлғасы"
09
сентябрь
2022
"Қазақтың дара тұлғасы"
Бүгін гимназиямызда "Қазақтың дара тұлғасы" А. Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай "Ахмет оқуларының" мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс нәтижесінде 9 "Ғ" сынып оқушысы Мырзабекқызы Қарақат бас жүлдені иеленсе, 1-орынды 9 "Е" сынып оқушысы Бекмахан Асылжан иеленді. 2-орынды Қадіржан Жания, 3-орынды 9 "Е" сынып оқушысы Салқынбек Асылназ, 9 "Б" сынып оқушысы Орысбай Ботагөз иеленді. Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз.
“Тіл – тірегім”
08
сентябрь
2022
“Тіл – тірегім”
Бүгін гимназиямызда тілдер мерекесіне орай 8-сыныптар арасында “Тіл – тірегім” тақырыбында мәнерлеп оқудан жарыс болып өтті. Сайыс қорытындысы бойынша, бас жүлдені 8 Г сынып оқушысы Дүйсенғали Жания иеленсе, Мұратқызы Аружан, Сұлтанова Сабина 1-орынды місе тұтты, ал 2-орынды Иманбек Ағаділ, Ноғай Айкүн, 3-орынды Бауыржанұлы Манас, Басымбек Еңлік, Серикова Ясина жеңіп алды.
“Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет”
01
сентябрь
2022
“Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет”
Гимназиямызда 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған “Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет” тақырыбында бірыңғай сынып сағатары өткізілді📓📔📘 Мақсаты: Білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.  
Ата Заң – Алтын діңгек
31
август
2022
Ата Заң – Алтын діңгек
30 тамыз – Конституция күніне орай гимназиямызда “Ата Заң – Алтын діңгек” тақырыбында оқушылармен дөңгелек үстел болып өтті. Онымен қоса, бастауыш сыныптар арасында сурет көрмесі болып, үздік деген жұмыстар анықталды…  
«Жалын” жазғы балалар лагері
15
июнь
2022
«Жалын” жазғы балалар лагері
Гимназиямыздың “Жалын” жазғы лагерінде оқушылар қала ішіндегі көрікті жерлерге саяхат жасады. “Ботаникалық бақта” оқушылар еліміздегі сирек кездесетін өсімдік түрлерімен танысты. “Президент саябағында” және кинотеатрға барып уақытты көңілді өткізді. Қала ішінде болған саяхат оқушыларымызға ерекше көңіл-күй сыйлады.  Мектепке келіп алған әсерлерімен бөлісті.