Бүгін гимназиямызда 5, 8, 9-сыныптар “Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы”тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант жазды. Мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте отырып, тарихи тұлғалардың өмір жолы арқылы оқушылар бойындағы патриоттық рухты нығайту!
Гимназиямызда 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған “Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет” тақырыбында бірыңғай сынып сағатары өткізілді📓📔📘 Мақсаты: Білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
1 Қыркүйек – Білім күні құтты болсын!Жаңа оқу жылы жетістіктерге толы болсын! Ұстаздардың ісіне жеміс, бүлдіршіндердің алғашқы қадамдарына береке, оқушыларымыздың білім жолына сәттілік тілейміз! Жаңа оқу жылы құтты болсын!
30 тамыз – Конституция күніне орай гимназиямызда “Ата Заң – Алтын діңгек” тақырыбында оқушылармен дөңгелек үстел болып өтті. Онымен қоса, бастауыш сыныптар арасында сурет көрмесі болып, үздік деген жұмыстар анықталды…