Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Айбын – 2026»
02
апрель
2026

«Айбын – 2026»

2026 жылдың 11, 18 наурыз және 1 сәуір күндері үш кезеңнен тұратын қалалық «Айбын – 2026» әскери-патриоттық жастар жарысы өткізілді. Аталған жарыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын арттыру, әскери дайындық деңгейін жетілдіру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың әскери-қолданбалы спорт түрлеріне деген қызығушылығын дамыту болып табылады.
Жарыс бағдарламасына турникке тартылу, шалқайып жатып денені көтеру, АК-74 автоматын бөлшектеу және жинау, жалпыәскери қорғаныс жиынтығын кию, суда жүзу, әскери кросс, пневматикалық мылтықтан ату, «Айбын жұлдызы», робототехника және арқан тартыс сияқты сайыс түрлері енгізілді.
Жарысқа Алматы қаласының әр ауданынан 2 командадан қатысты, жалпы қатысқан команда саны 16, әр команда құрамында 15 оқушыдан болды. «Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясынан қатысқан оқушылар:
1 команда:
Сағатбек Арнұр, Ноғайбай Жанәділ
2 команда: Жолдасов Амир, Ахмади Абылай, Рашид Амина
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Әуезов ауданының 1-командасы жүлделі І орынды иеленді.
Жарысқа қатысқан оқушыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, олардың алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел намысын абыроймен қорғайтын азамат болып қалыптасуына тілектестігімізді білдіреміз.

​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: