08
апрель
2026
«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 2-20-6/2474-И хатына сәйкес, 2026 жылғы 8 сәуір күні білім беру ұйымында 11-сынып оқушыларына арналған «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға білімнің қоғамдағы және мемлекет дамуындағы маңызын түсіндіру, жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтармен таныстыру, сондай-ақ азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында оқушыларға Конституциядағы білім беру саласына қатысты өзгерістер мен жаңашылдықтар түсіндіріліп, пікір алмасу, сұрақ-жауап және талқылау жұмыстары ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Сынып сағаты белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылып, өз деңгейінде өткізілді.