Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ағылшын апталығының 10 күндігіне орай мектебімізде көңілді әрі танымдық ойындар ұйымдастырылды!
21
январь
2026

Ағылшын апталығының 10 күндігіне орай мектебімізде көңілді әрі танымдық ойындар ұйымдастырылды!


Бүгінгі үлкен үзіліс оқушылар үшін ерекше әсерлі өтті 🚀
Іс-шара ағылшын тілі мұғалімдері Қадір Шапағат пен Жоланова Дарияның ұйымдастыруымен өткізілді. Оқушылар ағылшын тілін ойын арқылы меңгеріп, белсенділік пен қызығушылық танытты.

Өткізілген ойындар:

1️⃣ *Act & Guess*
Оқушылар шарды жарып, ішіндегі сөзді қимылмен көрсетті. Қалған қатысушылар сөзді табуға тырысты. Бұл ойын ойлау дағдысы мен шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталды 🎈

2️⃣ *Blow & Spell*
Оқушылар сөздерді шашылған әріптерден құрастырып, трубочканы үрлеу арқылы әріптерді орналастырды. Сөзді бірінші құраған адам жеңіске жетті. Бұл ойын жылдамдық, зейін және сөздік қорды дамытуға арналған 🐝

3️⃣ *Word Hop*
«Happy – Sad – Angry» сызықтары арқылы зейін мен жылдамдықты талап ететін ойын. Мұғалім айтқан сөзге сәйкес дұрыс сызыққа тұру қажет болды.

🎉 Мұндай ойындар оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, тіл үйренуді қызықты әрі тиімді етті.

✨ Play • Learn • Smile
#EnglishWeek #АғылшынАпталығы #ҮлкенҮзіліс #SchoolLife #FunBreak 175Gymnasium

​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: