Іс-шаралар » Страница 27 » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 27
«Ардагерлерді құрметтейік»
10
май
2021
«Ардагерлерді құрметтейік»
Бүгін біз 6 «б» сыныбы оқушылары, «Ардагерлерді құрметтейік» акциясы негізінде Базархан апамызды барып құттықтадық.  Бекбатырова Базархан Шәкейқызы, 15 наурыз 1935 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген.
Тыл ардагері Абдрахманов Кажахмет Мадиұлы
10
май
2021
Тыл ардагері Абдрахманов Кажахмет Мадиұлы
9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай 6 "Г"-сынып оқушылары тыл ардагері Абдрахманов Кажахмет Мадиұлын құттықтап, үйіне барды. Ардагер атамыз біздің ойын қызығына түсіп ойнайтын балалық шағымыз соғыс уақытына тұс келді де,  бұғанасы қатпаған біздер колхоз жұмысына 6 жасымыздан араластық деп,  еске алып,  өз әңгімесін айтты.
Менің атам Қожақов Сыдық Ұлы Отан соғысының ардагері.
08
май
2021
Менің атам Қожақов Сыдық Ұлы Отан соғысының ардагері.
Менің атам Қожақов Сыдық Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол 1923 жылдың 03 науырызында Алматы облысы Жамбыл ауданы Үшбұлақ ауылында дүниеге келген! 1941-1944 жж соғысқа қатысқан.  
Байсақалов Мырзабай
08
май
2021
Байсақалов Мырзабай
Мен Нургали Алтынай 6М сыныбы, арғы атам Байсақалов Мырзабай тұралы айтқым келеді. Байсақалов Мырзабай 1923 жылы 2-мамырында, Алматы облысындағы,Нарынқол ауданының қазіргі Райымбек ауданы, Текес ауылында дүниеге келген. Мырзабай атамның үш баласы,екі ұл бір қызы болған. Еңбекке ерте араласқан. Қиын кездерді басынан көп өткерген. Он сегізге толғанда Ұлы Отан соғысы басталған еді. Еңсе жаздырмас тауқыметке қайсарлық танытқан сайын көңілін Отанын қорғауға деген патриоттық сезім мазалай берді. Көп
Ұлы отан соғысының ардагері Сарсенбаев Шалабай Тугатұлы
08
май
2021
Ұлы отан соғысының ардагері Сарсенбаев Шалабай Тугатұлы
Мен жеңістің ізбасары Серікқали Меруерт Санатқызы, Ұлы отан соғысының ардагері Сарсенбаев Шалабай Тугатұлының шөбересімін. Үлкен атам Шалабай 1924ж Семей өңірінде дүниеге келіп, ашаршылық заманында 1932ж Алматы облысы, Сарқан ауданына көшкен. 1943 жылы небәрі 19 жасында Ұлы отан соғысына аттанған.  
“Ер есімі - ел есінде”
08
май
2021
“Ер есімі - ел есінде”
Өскенбаев Әріпбай Алматы облысы, Кеген ауданы Тоғызбұлақ ауылынан 1943 жылы Ұлы отан соғысына 17 жасында аттанып, Ленинград, 3-ші Белоруссия майдандарында артеллерист болып жауымен шайқасып, кескелескен ұрыстарда елімізді фашист басқыншыларынан азат ету жолында ұлы жеңіске өз үлесін қосты.
Жеңіс күні - Халықтың бірлігі, тыныштығы, тұрақтылығы
08
май
2021
Жеңіс күні - Халықтың бірлігі, тыныштығы, тұрақтылығы
Мен Бақытжан Алдияр атам туралы айтқым келіп отыр. Атам Жақыпбек Тілеген 1921 жылы 15 мамырда Алматы облысы Жамбыл ауданы Сергеевка ауылында дүниге келген. Мамандығы математика пәнінің мұғалімі.Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі атағын алған. Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысқан.      1941 жылдан 1943 жылы Ұлы Отан соғысының қызу кезінде Сталинград түбіндегі шайқаста болған. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткені үшін медальдарын омырауына тақты. Жеңіс күні - Халықтың бірлігі, тыныштығы,
КАДЕТ сыныбы “28 Панфиловшылар” саябағында
07
май
2021
КАДЕТ сыныбы “28 Панфиловшылар” саябағында
Гимназиямызда, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “7 мамыр- Отан қорғаушылар күні” мерекелік іс-шаралар аясында КАДЕТ сыныбы “28 Панфиловшылар” саябағында гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.
Құрметті, Отан қорғаушылар!
07
май
2021
Құрметті, Отан қорғаушылар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, ел тыныштығын сақтауда әскери сарбаздарымыздың атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміз айбынды болсын!
«Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды»
06
май
2021
«Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды»
«Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» дегендей, мен Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері атам Байдүйсен Оразовтың азаматтық асыл істерін еш уақытта ұмытпаймын. Оразов Байдүйсен 1911 жылы туылып, 1986 жылы 29 қаңтарда қайтыс болған.  Ол  1929 жылдан бастап Еңбекші колхозында жұмыс істеді.