Байсақалов Мырзабай » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Байсақалов Мырзабай
08
май
2021

Байсақалов Мырзабай

Мен Нургали Алтынай 6М сыныбы, арғы атам Байсақалов Мырзабай тұралы айтқым келеді. Байсақалов Мырзабай 1923 жылы 2-мамырында, Алматы облысындағы,Нарынқол ауданының қазіргі Райымбек ауданы, Текес ауылында дүниеге келген. Мырзабай атамның үш баласы,екі ұл бір қызы болған. Еңбекке ерте араласқан. Қиын кездерді басынан көп өткерген. Он сегізге толғанда Ұлы Отан соғысы басталған еді. Еңсе жаздырмас тауқыметке қайсарлық танытқан сайын көңілін Отанын қорғауға деген патриоттық сезім мазалай берді. Көп ұзамай яғни 1942 жылы қан майданға аттанды.
Ұлы Отан соғысы кезінде 258 атқыштар батальонында алдыңғы шепте болған. 1943-1944 жылдары 42 дивизиясында 43-атқыштар тобының барлаушылар взводында алдыңғы шепте болған. 1945 жылы аяғына таман Курең, мл.А-нт-ада 42-армиясында аға сержант атағын алған. Қазіргі кезде Мырзабай атаның артынан қалған ұрпағы: 12 шөбере,9 немере. Атамыздың соғысқа барып, жеңіс үшін аянбай күрескені маған еліме, жеріме деген үлкен патриоттық сезімді тудырды. Еліміздің Тұңғыш президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай “Жеңіс күні-халықтың бірлігі,тыныштығы,тұрақтылығы еліміздің ең басты жетістігі екендігін айқындайтын символдық мәні бар ерекше күн”. Ия,расында атамыздың символдық мәні бар ерекше күнге қосқан еңбегі мәңгі біздің жүрегімізде,есімізде

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: