Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 38
БІЛІКТІ ҰСТАЗДАН БІЛІМДІ ШӘКІРТ ШЫҒАДЫ!
05
январь
2023
БІЛІКТІ ҰСТАЗДАН БІЛІМДІ ШӘКІРТ ШЫҒАДЫ!
“Зерделі” ақыл-ой мектебінің ұйымдастыруымен 5-6 қаңтар күндері Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған V Республикалық “Алтын тұғыр” математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтуде. Аталған конкурсқа Алматы қаласының атынан гимназиямыздың ұстазы Ильяс Ғазиза қатысып бақ сынап жатыр. Ғазиза апайымызға сәттілік тілейміз!  
ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕМ‼️
26
декабрь
2022
ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕМ‼️
Жаңа Ғасыр" №175 гимназиясында бастауыш сыныптар арасында 1 "А" сыныбында "Қош бол, құтты әліппе!" атты ашық сынып сағаты ата-аналардың қатысуымен өтті.Бұл сабақтың мақсаты: оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.Отан, мектеп, ұстаз,ата-аналар,әріптерге арналған өлеңдер жолдарын нақышына, келтіріп оқыды. Өздері айтқан әндері мен билері оқушылардың ерекше есте қаларлықтай сезімде болды.
ҚОШ БОЛ ҚҰТТЫ ӘЛІППЕМ
26
декабрь
2022
ҚОШ БОЛ ҚҰТТЫ ӘЛІППЕМ
Гимназиямызда 21 желтоқсан күні “Қош бол, құтты әліппе!” ертеңгілігі болып өтті. Оқушылар білімнің бастауы- әліппеден алған білімдерін жан-жақты көрсете білді. Тәлімі мол тәрбиелі ертеңгілік болды. Жас білім алушылар Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы бүгінгі бүлдіршіндер екенін көрсете білді. Сынып жетекшісі Канапьянова Асылгуль Сламбековна шәкірттерінің білім баспалдағына өрлеген қадамдарына сәттілік тілеп, ертеңгілікті аяқтады!  
ҚОШ БОЛ,ҚҰТТЫ ӘЛІППЕМ
25
декабрь
2022
ҚОШ БОЛ,ҚҰТТЫ ӘЛІППЕМ
1 «Ғ» сыныбының оқушылары мен сынып жетекшісі - Сатан Гүлжаухар Қазизқызы 21.12.2022 ж. «Рахмет саған, Әліппе» атты ертеңгілік өткізді. Ертеңгілікте оқушылар өз өнерлерін, алған білімдерін көрсетіп, 4 ай оқыған «Әліппе» оқулығымен қимай қоштасты. Оқушылар тек ән айтып, би билеп қана қоймай сынып жетекшісіне домбырамен арнау айтып, өздерінің жан-жақты екенін көрсетті. Гүлжаухар Қазизқызы оқушыларына бақытты балалық шақ тілеп, еліміздің мақтанышы, жанашыры болатындарына сенім білдіретінін,
ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕ‼️
24
декабрь
2022
ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕ‼️
22.12.2022 ж. 1 "М" сыныбында "Қош бол,құтты Әліппем!" атты ертеңгілік өтті. 1"М" сынып оқушылары сауат ашу кезеңінде алған білімдерін паш етті. "Әліппенің арғы жағы - білім бағы" екенін сезінді. "Бала жаны - таза тақта,өмір тәжірибесі оны жазуға толтырады" демекші,бүгінгі ертеңгілік ерекше сәттерімен естерінде қалды. Сынып жетекшісі Смакова Асем Нуракынкызы өз шәкірттеріне білім жолында тек өрлеу тіледі. Ата-аналар бал балаларының алғашқы жетістіктеріне шат-шадыман болып, ақ баталарын берді.
ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕ!
23
декабрь
2022
ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕ!
22 желтоқсан күні 1 "Д " сыныбы "Қош бол, сүйікті әліппе!" атты ертеңгілік өткізді. Ертеңгілікке сынып оқушылары түгел қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар өлеңдерін жатқа айтып, қыздар "Қуыршақ " биін билесе, ұлдар "Батырлар ұраны" әніне ұлттық киіммен әдемі билеп шықты. Сонымен қатар, "Үйретеді бастауышта" , "Рахмет, саған әліппе!" әндерін нақышына келтіріп орындады. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Каримовна оқушыларға ізгі тілегін білдіріп құттықтады. Ата-аналар балалардың
ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕ!
22
декабрь
2022
ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕ!
ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕ‼️ 22.12.2022 ж. 1 "Е" сыныбында "Қош бол,құтты Әліппем!" атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі өтті. Ертеңгілікте оқушылар төрт ай бойы алған білімдері мен өнерлерін көрсетті. "Бала тілі - бал" демекші, ертеңгілік ерекше сәттерімен естерінде қалды. Сынып жетекшісі Кәмшат Нұрмаханбетқызы балаларға өзінің ақ тілегін айтса, ақ жаулықты әжелер батасын берді.  
ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕ‼️
22
декабрь
2022
ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕ‼️
21.12.2022 ж Жарылқасынова Ақботаның ұйымдастыруымен 1 "Б" сыныбында "Қош бол, құтты Әліппем!" атты ертеңгілік өтті. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - «Әліппе». Әліппені аяқтап, “Ана тілін” меңгеруге асыққан бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі ел болашағы! Сол үшін де бастауыш – білім бұлағы, Әліппе – ғылымның атасы! Қош бол, құтты Әліппе!
ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕ
21
декабрь
2022
ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕ
Әліппе – білімнің бастауы. 20.12.2022ж 1 “Ә” сынып оқушыларының әліппемен қоштасу рәсімі болып өтті. Оқушылар алғаш әріп танытқан ұстаздарына алғыс айтып, алғашқы кітап – “Әліппемен” қимай қоштасты. Бүлдіршіндер хормен ән орындап, “Менің атым…” ойынын ойнады және сүйікті Әліппеге тақпақтарын арнады. Ата-аналар балалардың тәтті сөздері мен тәтті қылықтарына сүйсініп, сынып жетекшісіне алғыстарын білдірді және жас бүлдіршіндердің білім жолында биік белестерді бағындыратынына сенім білдіріп, жылы
КӘСІПТІК БАҒДАР
20
декабрь
2022
КӘСІПТІК БАҒДАР
КӘСІПТІК БАҒДАР Бүгін гимназиямызға Талғар қаласындағы “Арыстан” әскери лицейінен келген уәкіл 9-сынып оқушыларымен лицей өмірі мен мамандықтары жайлы кәсіби әңгіме жүргізді.