ҚОШ БОЛ,ҚҰТТЫ ӘЛІППЕМ » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚОШ БОЛ,ҚҰТТЫ ӘЛІППЕМ
25
декабрь
2022

ҚОШ БОЛ,ҚҰТТЫ ӘЛІППЕМ

1 «Ғ» сыныбының оқушылары мен сынып жетекшісі - Сатан Гүлжаухар Қазизқызы 21.12.2022 ж. «Рахмет саған, Әліппе» атты ертеңгілік өткізді. Ертеңгілікте оқушылар өз өнерлерін, алған білімдерін көрсетіп, 4 ай оқыған «Әліппе» оқулығымен қимай қоштасты. Оқушылар тек ән айтып, би билеп қана қоймай сынып жетекшісіне домбырамен арнау айтып, өздерінің жан-жақты екенін көрсетті. Гүлжаухар Қазизқызы оқушыларына бақытты балалық шақ тілеп, еліміздің мақтанышы, жанашыры болатындарына сенім білдіретінін, ата-аналарының және өзінің оларды әрқашан қолдап, әр жетістіктеріне қуанатынын айтты. Ал, 1 «Ғ» сынып оқушыларының ата-аналары «Әліппе» оқулығын енді ғана аяқтап жатса да, ертеңгілікті басынан соңына дейін оқушылардың өздері жүргізгендеріне таңдана, тамсана қарап, ертеңгілік жоғары деңгейде өткенін айтты.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: