Тұлғамен кездесу » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұлғамен кездесу
09
март
2022

Тұлғамен кездесу

Бүгін Жазушылар кітапханасында қазақтың біртуар ұлы, дарынды жазушы М.Әуезовтың туғанына 125 жыл, Әуезов ауданының құрылғанына 50 жыл толуына орай, жазушының ұлы, ғалым, дипломат Мұрат Әуезовпен кездесу өтті. Сонымен қатар, кездесу кешіне аудан әкімі С.Сайфеденов, ақын, ф.ғ.д Б.Жақып, ғалым А.Уәлиханұлы, Әуезов Мұражай-үйінің директоры Д.Қонаев, актер Б.Әбдідманов, ф.ғ.д, профессор Н.Ақыш ағаларымыз қатысты.
Кеш барысында жазушының ұлы мен кеш қонақтары М.Әуезов жайлы, оның шығармашылығы жайлы біршама деректермен білісіп, кеш соңында “Жаңа Ғасыр” №175 гимназиясы мен №173 мектеп-лицей оқушылары жазушы шығармалары жайлы ойларын білдіріп, сұрақтарын қойды және Мұрат Әуезов жазушының соңғы кітап басылымы мен өз кітабын кітапхана қорына тарту етті…
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: