Ұстаз – ұлағатты да ұлы есім . » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұстаз – ұлағатты да ұлы есім .
28
октябрь
2021

Ұстаз – ұлағатты да ұлы есім .

Алты Алаштың басы  қосылса, ұстазды құрметпен төрге отырғызған. Ұстаз – ұлағатты да ұлы есім .  
Гимназиямызда есімі «Жаңа Ғасыр» гимназиямен қатар аталатын құрметті ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты Мәнекеева Гаухар Бозжігітқызының мерейлі мерейтойына  арналған кеш болып өтті.   Гаухар Бозжігітқызы – «Жаңа Ғасыр» № 175 гимназияның алғашқы директоры, ұстаздардың ұстазы бола білген, тағылымы мол, білікті ұстаз. Еңбек жолының  15 жылын гимназияның өркендеп, биіктерден көрінуіне арнады.   Ұлағатты ұстаздың мерейтойында Әуезов ауданының әкімі С.Т.Сайфеденов, аудандық  кәсіподақ ұйымынан А.Т.Шалимбаева, Әуезов аудандық білім бөлімінің басшысы З.К.Кашкинбаева, Әуезов  ауданының  мектеп директорлары келіп  өздерінің жүрек жарды тілектерін білдірді. Гимназия ұжымы да өз тарапынан ізгі ниеттерін арнады.   Гимназиямызда  Г.Бозжігітқызы атындағы арнайы әдістемелік кабинет ашылды. Кабинет Гаухар Бозжігітқызының әдістемелері мен жаңашыл идеяларынан құрастырылған.   Гаухар Бозжігітқызы, сізге мың алғыс !  Ұйқысыз түндеріңіз үшін, күлкісіз күндеріңіз үшін, демеген қолдарыңыз үшін, сыйлаған арманыңыз үшін рахмет сізге, ҰСТАЗ! #175гимназия #ЖаңаҒасыр

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: