"Есіңе мені алғайсың" тақырыбында ақын шығармалары жайлы ашық сабақ » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Есіңе мені алғайсың" тақырыбында ақын шығармалары жайлы ашық сабақ
10
февраль
2021

"Есіңе мені алғайсың" тақырыбында ақын шығармалары жайлы ашық сабақ

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 
 Бүгін, қазақ поэзиясында өз атын алтын әріппен жазғызып, халық жүрегінен ойып тұрып орын алған ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шәріп Қарлығаш апайымыздың ұйымдастыруымен және 5 "м" сыныбының қатысуымен "Есіңе мені алғайсың" тақырыбында ақын шығармалары жайлы ашық сабақ өтті.
 Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін танытып ақын өлеңдері арқылы поэзияны сүюге үйрету, оны құдіретін сезіндіру, ақынның шығармалары арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген сынып сағаты 1 минуттық үнсіздікпен басталды.
 Сабақ барысында оқушылар Мұқағали ақынның өмірі жайлы деректер алып, ол жайлы ақпараттарға қанық болды және ақиық ақынның жырларымен сусындады.
 Махаббат жырларының "Моцартына" айналған ақынның өлеңдері кез келген жастағы оқырманының жүрегіне жол табары сөзсіз.
 Ендеше, сіз бен біз де Мұқағали мұраларының мәңгілік болуына атсалысып, ақын жырларының эстафетасын өткізейік!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: