Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КАДЕТ сыныбы 28 панфиловшылар саябағына барып, гүл шоқтарын қойды.
09
май
2021

КАДЕТ сыныбы 28 панфиловшылар саябағына барып, гүл шоқтарын қойды.


Ұлы Жеңіс күніне орай гимназиямыздың КАДЕТ сыныбы 28 панфиловшылар саябағына барып, гүл шоқтарын қойды. 

28 панфиловшы — Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық қаһарман жауынгерлер туралы Бақыт ағайымыз Жас сарбаздарға бірнеше ақпарат берді.

1941 жылы 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16 армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8 гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшының 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 21 шілдедегі Жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: