Жастар мен балалар арасындағы интернетке тәуелділіктің алдын алу » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жастар мен балалар арасындағы интернетке тәуелділіктің алдын алу
28
октябрь
2020

Жастар мен балалар арасындағы интернетке тәуелділіктің алдын алу

Қайырлы күн, құрметті достар!
28-қазан күні Гимназиямызда республикалық "Жастар мен балалар арасындағы интернетке тәуелділіктің алдын алу" тақырыбында Сахыбаева Айгул Темиргалиевнаның тренерлігімен тренинг болып өтті.
 Тренингке Гимназиямыздың ұланбасы және "ЖасҰлан" ұйымының мүшелері қатысты. Тренингте талқыланған ең басты мәселе, жастар арасындағы интернетке тәуелділік және оның салдарын жою болды. Оқушылар өз өмірлеріне мысалдар келтіріп, интернет пен телефонға тәуелділік жастар арасында бар проблема екенін айтса, тренер оны қалай жоюға болады деген сұраққа жауаптар беріп, ой алмасты. Интернет пен пен телефонға тәуелділік алдымен, оқушының қоғамнан оқшауланып қалуына, шын өмірмен байланысы ажырап қалу қаупі бар екенін ескерте отырып, мейілінше көп уақытты таза ауада, немесе тым болмаса аула ішінде өткізу керектігін және де дене жаттығуларын жиі жасап тұрудың да виртуалды әлемнен алыстата алатынын алға тартты.
Сөз соңында біздің қосарымыз, шынында, онлайн оқу кезінде оқушы онсыз да телефон мен интернетте ұзақ уақытын өткізіп жатыр. Сол себепті, ата-аналарға айтарымыз, сабақтан тыс уақытта балаңызға телефонды пайдалану уақытына шектеу қойыңыз. Оның психологиялық оқшауланудан бөлек, басқа да зияны бар екенін түсіндіруге тырысыңыз.
 Ал, оқушыларға ай әр кеңесіміз, интернеттегі әр түрлі ойындарды ойнап уақыт өлтіргеннен кітап оқып, тым құрығанда бір сағат таза ауада дем алып, (үй ауласында болсын) дене шынықтыру жаттығуларымен айналысудың пайдасы орасан зор!
 Сондықтан, уақытымыз бен күшімізді дұрыс жаққа жұмсап, денсаулығымыз бен жүйкемізді сақтайтық🤗

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: