Халықаралық семинар » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық семинар
08
ноябрь
2023

Халықаралық семинар

Бүгін гимназиямызда Моңғолияның Білім және ғылым министрлігінің, Білім институтының, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Моңғолиядағы және Баян-Улгий провинциясы губернаторының кеңсесі өкілдерінің қатысуымен «Цифрлық білім беру – заманауи оқытудың кілті» тақырыбында халықаралық семинар өтті.
Семинар бағдарламасы электронды нұсқада жасалып, қонақтарға кірер есікте QR код арқылы бағдарлама ұсынылды. Гимназия директоры Ж.А. Каратаева қонақтарды гимназия тарихымен, гимназияның материалдық-техникалық базасымен таныстыру үшін оқу кабинеттеріне экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында ақпараттық ресурс орталығы жұмысы негізінде «Цифрлы кітапхана» жұмысы таныстырылды.
Семинарда гимназия ұстаздары «KPI мұғалім рейтингісі», «Мұғалімнің электрондық портфолиясы», «IQ оқушы рейтингісі»,«Нейрожелі арқылы сөйлейтін аватарлар жасау», «Бастауыш сыныптарды оқытуда цифрлық платформаларды пайдалану», «YouTube каналы арқылы математикалық сауаттылықты арттыру», «Телемост арқылы оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынасын дамыту»,«Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жоюда Wardwall сайтымен жұмыстың тиімділігі» туралы іс – тәжірибелерімен бөлісті. Сондай – ақ қонақтар, гимназиямызда жүргізіліп отырған шахмат, тоғызқұмалақ, робототехника, көркемсурет, ұлттық спорт, домбыра үйірмелерінің жұмысымен таныстыру жүргізілді.
Семинар соңында қонақтар жылы лебіздерімен бөлісіп, естелік суретке түсті.

​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив