Бүгінгі ЖАС САРБАЗ - болашақ ОТАН ҚОРҒАУШЫ » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгінгі ЖАС САРБАЗ - болашақ ОТАН ҚОРҒАУШЫ
14
март
2022

Бүгінгі ЖАС САРБАЗ - болашақ ОТАН ҚОРҒАУШЫ

ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл 30 жыл. Осыған орай, гимназиямыздың 7”К” сыныбы әскери жетекшісі Б.Саркеевпен бірге Б.Момышұлы атындағы Республикалық “Жас Ұлан” әскери мектебіне экскурсияға барып қайтты. Экскурсияның мақсаты: болашақ Отан қорғаушы жеткіншектерімізді сол жерде оқып жатқан Жас Ұландардың оқу-жаттығу процестерімен таныстырып, жалпы мектептің жұмысын көрсету.
Оқушылар Жас Ұландардың казармасын, дайындық алаңдарын, оқу бөлмелерін өз көздерімен көріп, мектеп мұражайымен танысты және ағаларына сұрақтарын қойды.
Еліміздің тыныштығын күзетіп жүрген батырлар мен болашақ Ұландарымыз аман болсын. Тәуелсіздігіміздің іргесі берік, тұғыры биік болсын

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: