ҚР БҒМ: ҚАҢТАРДАҒЫ ҰБТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ ӨЗГЕРТІЛДІ » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР БҒМ: ҚАҢТАРДАҒЫ ҰБТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ ӨЗГЕРТІЛДІ
14
январь
2022

ҚР БҒМ: ҚАҢТАРДАҒЫ ҰБТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ ӨЗГЕРТІЛДІ




Қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 21 қаңтарға дейін ұзартылды. Бұған дейін өтінішдерді қабылдау 24 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейінгі кезеңге жоспарланған болатын. Алайда туындаған жағдайға байланысты және талапкерлердің мүдделерін ескере отырып, Білім және ғылым министрлігі мерзімді 21 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

 Сондай-ақ ҰБТ-ны өткізу мерзімі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығынан кейінге шегерілді. Енді тестілеу 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл тестілеуге шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер университеттерге ақылы негізде түсу үшін  қатысады.

Сонымен қатар министрлік магистратура мен докторантураға қабылдау мерзімін 24 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін екінші қабылдау қорытындысы бойынша мыңнан астам қазақстандық грант иегерлері атанды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: