Қалдырған ізің мәңгілік... » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалдырған ізің мәңгілік...
12
май
2021

Қалдырған ізің мәңгілік...

Ыбырай Алтынсарин саналы ғұмырын  ағартушылыққа арнады. Ол кісі өзінің еңбегінде"Барлық күш -жігерімді қазақ жастарының өнер-білім байлығын меңгеруге үндеймін,"-деген. Бүгінгі таңда Ыбырай атамыздың кезіндегі үміті ақталды Қазір барлық қазақ баласы алаңсыз білім алып жатыр. Соның бір дәлелі ретінде "Жаңа Ғасыр"175 гимназиясында" Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған мәнерлеп оқу жарысы өтті. Жарысқа 5-8 сыныптар оқушылары қатысып,ақын өлеңдерін жарыса мәнерлеп оқыды. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды 5М сынып оқушысы Буланбаева, 2-орынды 8Б  сынып оқушысы Алтынбай Айым, 3-орынды 6Г сынып оқушысы Байдәулетова Айжан иеленді. Жүлдегер оқушылар арнайы медальдармен марапатталды.Осындай білім саласының барлық жетістіктерінің басында Ыбырай Алтынсарин тұрғанын естен шығармауымыз ләзім. "Біз болмасақ сіз барсыз,Сендерге берем батамды,үміт еткен достарым" деді емес пе?! Ендеше, Ыбырайдай аталарымыз артқан сенімнің үдесінен шығуға бәріміз атсалысайық!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: