“ Қазақстан - достық мекені” » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ Қазақстан - достық мекені”
29
апрель
2021

“ Қазақстан - достық мекені”

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 29- сәуір күні ағылшын тілі пәнінің жас мамандарының ұйымдастыруымен “ Қазақстан - достық мекені” атты тақырыпта 8 сынып білім алушылары арасында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында халықтар достығының маңыздылығы, мемлекетіміздің әр түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына жинаған киелі мекен саналатыны жайлы пікір-таластар мен ой толғаулар бөлісілді. Сонымен қатар еліміздің жас ұрпағының рухын көтеру мақсатында видео роликтер көрсетілді. Іс-шара соныңда еліміздің болашағы саналатын жас буындарға 130 дан астам ұлт өкілдерін бір ту астына жинаған қасиетті мекеніміз жайлы викториналық сұрақтар ұсынылды. Оқушылар іс-шара соңында ой- толғаулар нәтижесінде көпұлтты мемлекетіміздің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі деген қорытындыға келді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: