«Зволюциялық ұғымдардың қалыптасуы» атты сабақ » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Зволюциялық ұғымдардың қалыптасуы» атты сабақ
24
апрель
2021

«Зволюциялық ұғымдардың қалыптасуы» атты сабақ

Гимназиямыздың білікті де білімді, ардагер ұстазы  Ерниязова Палсұлу  Нұсқабайқызы 9 «Г» сыныбымен өткен «Зволюциялық ұғымдардың қалыптасуы» атты сабағы жоғары деңгейде өтті. Сабақ басы «Гүлмен тілек» әдісі арқылы бір-біріне сәттілік  тілеумен басталды. Сабақ жоспары талапқа сай құрылып, мақсатқа жету үшін түрлі әдіс-тәсілдер  қолданылды. Тапсырмаларға дескриптор құрылып, тақырыпты айқындау үшін «Сандар сөйлейді» әдісімен оқушылар өткен сабақты еске  түсірді.

Биология – XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесіндегі негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Осы  ашық сабақты   өту  барысында  осыған   көз жеткізгендей болдық. Оқушылардың   қызығушылығы  жоғары, сұрақтарға  нақты  жауап беріп отырды.

Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы тиянақты білім беріп отырды. Ержан Адия, Нұржан Адель, Нұсқабай Анар, Абишева Әсем белсенділік танытып отырды. Осындай ұстаздан білім алып отырған жас ұрпақтың биіктерге жететініне сеніміміз мол. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: