Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Al- Guided Career: мектептен мамандыққа дейінгі жол»
05
ноябрь
2025

«Al- Guided Career: мектептен мамандыққа дейінгі жол»

Алматы қаласы Білім басқармасы мен Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми- әдістемелік орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Al- Guided Career: мектептен мамандыққа дейінгі жол» атты қалалық семинар өтті. Іс-шараға 175 гимназия кәсіби бағдар беруші: Кесикбаева А.Б. қатысты.

Семинар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында жылы, шығармашылық және іскерлік атмосферада өтті. Шараның басты мақсаты білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жүйесін жетілдіру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушыларға саналы мамандық таңдауына бағыт- бағдар беру болды.

Семинар барысында қатысушылар кәсіби бағдар берудің жаңа әдіс-тәсілдерімен, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану тәжірибесімен танысты. Сонымен қатар, оқушыларды мектептен бастап кәсіби қалыптасуға дейін сүйемелдеу тетіктері мен психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету жолдары талқыланды.

Мұндай іс-шаралар білім беру жүйесінде кәсіби бағдар беруді жаңғыртуға, жас ұрпақтың болашақ мамандығын саналы таңдауға ықпал етеді.

 ​
​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: