АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ! » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!
01
март
2024

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!

Әр алғыста бата бар,
Қабыл болсын баталар.
“Алтын алма, алғыс ал!”,
Өсиет еткен аталар.

Ризығын шашқан адамға,
Тыныштық берген заманға.
Аллаға болсын мың алғыс,
Рақымын төккен ғаламға.

Тарихы дастан, жыр еді,
Отан деп соққан жүрегі.
Халқымызға бір алғыс,
Қабыл болған тілегі.

Даналыққа бойлаған,
Болмысын текті жоймаған.
Бабаларға бір алғыс,
Ұрпақтың қамын ойлаған.

Батасында бақ тұрған,
Немересін (шөбересін) шат қылған.
Ата-әжеге бір алғыс,
Ырысын әулет арттырған.

Әке-шешең ардағың,
Толтырған нұрға жан жағын.
Ата-анаға бір алғыс,
Келтірген өмір бар мәнін.

Ісіңді ізгі жақтаған,
Тілеген дәйім бақ саған.
Туыс, жекжатқа бір алғыс,
Береке-бірлік сақтаған.

Жақсы жанның жоқ қасы,
Үлкен, кіші - дос - жасы.
Сүйген жарға бір алғыс,
Ұйтқысы болған отбасы.

Қанатын қағып самғаған,
Жаман атқа қалмаған.
Ұрпақтарға бір алғыс,
Ғұмырыңызды жалғаған.

Дос деген сыйлы ұғым да,
Сай болған осы ұғымға.
Дос, құрдасқа бір алғыс,
Сыйласып жүрген ғұмырда.

Ақысын Тәңір жемеген,
Жандары жайсаң не деген?!
Көршілерге бір алғыс,
Бір-бірін қолдап, демеген.

Жүректі кернеп тұр алғыс,
Елімді шарлап жүр алғыс.
Тағылым берген шәкіртке,
Ұстазға әрбір бір алғыс!

Тәлімін ұстаз сақтаған,
Білімсіз таңы атпаған,
Шәкіртке әрбір бір алғыс,
Үмітін ұстаз ақтаған.

Ерекше бүгін дүр алғыс,
Көгерген-көктем, нұр алғыс.
Ынтымақты ту еткен,
Ұжымыға біздің бір алғыс!

Төзген талай азапқа,
Табанды мінез қазақта.
Өзге ұлтқа бір алғыс,
Алғыс айтқан қазаққа!

Жүректе иман, алғыс бар,
Ағайын дәйім алғыс ал.
“Жақсы сөз - жарым ырыс” қой,
Таусылмасын алғыстар

​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: