ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫ » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫ
02
март
2022

ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫ

Алғысымыз көп біздің,
Көктемнің бұл күніне .
Ең алдымен мың алғыс,
Наурыздың бұл біріне.


Жаратқанға мың алғыс,
Амандығын беретін.
Атар таңға мың алғыс,
Нұрын шашып енетін.

Ата-анаға мың алғыс,
Мейірімді үніне.
Балаларға мың алғыс,
Шад сыйлайтын күніңе.

Ата-әжеге мың алғыс,
Немереге қарайтын.
Немереге мың алғыс,
Арай болып тарайтын.

Бауырларға мың алғыс,
Бар жақсыны арнайтын.
Ауылдарға мың алғыс,
Гүлдері бар солмайтын.

Дос-жаранға мың алғыс,
Суықтарға тоңбайтын.
Құрбыларға мың алғыс,
Ақ тілегін жолдайтын.

Дәрігерге мың алғыс,
Қиянатын етпейтін.
Сақшыларға мың алғыс,
Өз орнынан кетпейтін.

Ұстаздарға мың алғыс,
Ертелі-кеш тынбайтын.
Шәкірттерге мың алғыс,
Ұстаздарын тыңдайтын

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: