“Білім беру сферасын руханилық және ізгілік бағытында жаңартудың қажеттілігі” » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Білім беру сферасын руханилық және ізгілік бағытында жаңартудың қажеттілігі”
03
февраль
2023

“Білім беру сферасын руханилық және ізгілік бағытында жаңартудың қажеттілігі”

26 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында “Білім беру сферасын руханилық және ізгілік бағытында жаңартудың қажеттілігі” атты тақырыпта коучинг өткізілді. Мақсаты: Коучинг барысында үздіксіз кәсіби дамудың, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізуге ықпал ету тиімділігін жетілдіру. Білім беру жүйесінен көрініс табатын көкжиегiмiзде көрініп тұрғaн жарқын болaшақ. Әлем өзгеруде, соған сәйкес мұғалім де өзгеріссіз қалмай, өздерінің білім беру жүйесі арқылы орын алған өзгерістерге қалай ықпал ететіндігін білуі тиіс деген ұғыммен бастауыш сынып мұғалімдері коучинг барысында стикерлер арқылы «Жетістік ағашына» әр мұғалім «Оқушыға білім беру мен тәрбиелеудегі жетістігім» орнын белгіледі. Ағаштағы орындары туралы пікірлерімен бөлісті. “Кәмпиттер” әдісі арқылы топқа бөлініп, “Детектив” әдісі арқылы берілген мәтіннің бөліктері бойынша топтық жұмыс ретінде постер қорғап, өз ойларымен бөлісті. “Ән - көңілдің ажары” айдары арқылы сергіту сәті жүзеге асты. Коучинг соңында мұғалімдер кері байланыс парағын толтырды.
​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: