Жетістіктер » Страница 7 » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
Спорт жетістіктері
07
декабрь
2022
Спорт жетістіктері
Астана қаласында өткен, тұңғыш олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған Республикалық жарыста, гимназиямыздың 9 Г сынып оқушысы Умаров Батырхан 68 кг салмақ дәрежесінде еркін күрестен 3 🥉орынға ие болды 👏 Сонымен қатар спорт шеберіне үміткер куәлігін алды Жарайсың Батырхан жеңістерің көп болсын!   
СПОРТ САҢЛАҚТАРЫ
07
декабрь
2022
СПОРТ САҢЛАҚТАРЫ
Спорт – денсаулық кепілі! Әр адам өз денінің саулығы үшін спортпен айналысуы керек. Ал біздің жас спортшылар өзі үшін ғана емес, гимназияның намысы үшін шаршы топқа именбей кіріп, жеңісті қанжығаларына байлап жүр! Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтай отырып, жемісті күндеріңіз көп болсын дейміз✊ \
"Жас саңлақ-2022"
07
декабрь
2022
"Жас саңлақ-2022"
Өнерімен елдің жүрегін жаулап, талай сахнаны бағындырып жүрген жас таланттарымыздың жетістіктерімен құттықтаймыз🎉🎉🎉 Жарайсыздар 👏👏👏 Әлі талай көрерменнің ықыласына бөленіп, елдің еркесі болар ұл-қыздарымызды сіздер де құттықтап, жылы сөздеріңізді жаза кетіңіздер
"Өнерлі өрге жүзер"
06
декабрь
2022
"Өнерлі өрге жүзер"
Талай жарыста көп ішінен топ жарып, гимназиямыздың атын шығарып жүрген мақтаныштарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз бен шығар биіктеріңіз көп болсын деп тілек білдіреміз. Сіздер де лебіз білдіріп, біздің дарабоздардың шабысына шабыт беріп отырыңыздар!
Топжарған
06
декабрь
2022
Топжарған
Талай жарыста көп ішінен топ жарып, гимназиямыздың атын шығарып жүрген мақтаныштарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз бен шығар биіктеріңіз көп болсын деп тілек білдіреміз🥰 Сіздер де лебіз білдіріп, біздің дарабоздардың шабысына шабыт беріп отырыңыздар
“Біздің сыныптың сүйікті кітабы”
01
июнь
2022
“Біздің сыныптың сүйікті кітабы”
Бүгін Алматы қаласының Бас Ботаникалық бағында “Балалар жылына” орай 1 маусым – халықаралық балалар күні қарсаңында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен “BalaFest 2022” концерт-фестивалі өтті. Шараға ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзі қатысып, жас балдырғандарға өз тілегін білдіріп, арнайы ұйымдастырылған көрмемен танысты. Аталған фестифальде “Біздің сыныптың сүйікті кітабы” бағыты бойынша қалалық кезеңнің 3-орынын иеленген оқушыларымыз Асқар Айғаным (жетекшісі Алсай Мәулен) мен
БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР
21
май
2022
БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР
Жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиада да құқық негіздері пәнінен 10 "Ә" сынып оқушысы Асқарова Насима 1-орынды иеленіп, 200 000 теңге сыйақымен марапатталды. Пән мұғалімі Қасенова М.А.. Жоғарғы жетістіктерімен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!  
"Мағжан оқулары" жеңімпазы
20
май
2022
"Мағжан оқулары" жеңімпазы
Мамыр айының 18-і күні өткен қалалық “Мағжан оқулары” байқауында гимназиямыздың оқушысы Жарқынбек Ерсұлтан (жетекшісі: Алсай Мәулен) “Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған” номинациясы бойынша 1-орынды иеленіп, Петропавл қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. Маусым айында өтетін додада Ерсұлтанға сәттілік тілейміз. Жарайсың!
“Мисс Грация” номинациясы
31
май
2021
“Мисс Грация” номинациясы
Гимназиямыздың мақтанышы Мейрамбек Медина Өзбекстан Республикасы Наманган қаласында гимнастикадан өткен турнирге қатысып, қола медалін жеңіп алды. Сонымен қатар  “Мисс Грация” номинациясына ие болды. Мединаны жеңісімен құттықтап, бағындырар асуларың көп болсын дегіміз келеді.
БІЛІМДІЛЕР АЙНАСЫ!
08
май
2021
БІЛІМДІЛЕР АЙНАСЫ!
Гимназия оқушылары “Zerdeli” ақыл-ой дамыту орталығы ұйымдастырған, “Алтын түлек” олимпиадасына қатысып  10А сынып оқушысы Рахат Жанел-Бас жүлде 50 мың теңге ақшалай сыйлық,  Нұрғалиқызы Маржан 10А сынып оқушысы 2 орын 10 мың теңге ақшалай сыйлық,  10Ә сынып оқушысы Қырықбаев Сағындық  3 орын 5 мың тг ақшалай сыйлықтарға ие болды. Сонымен қоса әр жеңімпазға орталық курстарына 60% жеңілдік берілді. Гимназия оқушыларын шын жүректен құттықтап, биік белестерден көріне беріңіздер дегіміз келеді.