Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ата-аналарға
Жалпы ата-аналар жиналысы
22
апрель
2024
Жалпы ата-аналар жиналысы
“Гимназияны қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаржыны жұмсау” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. Гимназияны қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаржыны жұмсау бойынша есеп. 2. 2023 - 2024 оқу жылының негізгі ерекшеліктері. 3. 2023-2024 оқу жылындағы білім алушылардың жетістіктері. 4. 2023-2024 оқу жылында “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” бойынша атқарылған жұмыстар.
Жазғы лагерь
31
май
2021
Жазғы лагерь
Бүгін гимназиямызда 1-4 сыныптар арасында жазғы лагерь басталды. Балапандарымызға қызықты демалыс, керемет көңіл күй тілейміз.
“Алтын белгіге” үміткер оқушылары
25
май
2021
“Алтын белгіге” үміткер оқушылары
25 мамыр гимназиямыздың “Алтын белгіге” үміткер оқушылары Grand park ойын-сауық кешеніне барып, Алматы қаласының “Jas Otan ” ЖҚ төрағасы Н. Бекқайыров пен Әуезов ауданының “Jas Otan ” ЖҚ төрағасы Б. Сахидің грамотасымен марапатталды.
Сыңғырла соңғы қоңырау
25
май
2021
Сыңғырла соңғы қоңырау
Бүгін гимназияда “Сыңғырла соңғы қоңырау“ салтанатты жиыны онлайн форматында өтті. Құрметті ата-аналар, оқушылар және ұстаздар 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз.
"Кітап - рухани азық"
24
май
2021
"Кітап - рухани азық"
Алда жазғы демалыс! "Кітап - рухани азық"  демекші,  шәкірттерімізге жазғы демалысқа "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап" рухани-мәдени акциясының аясында қамтылған кітаптар тізімі берілді. Осы кітаптарды жазғы демалыста оқып, жаңа оқу жылында талқылайтын боламыз.
Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
22
май
2021
Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
Бүгін, гимназиямызда Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті.  Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының мақсаты- ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерін) 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету және ата-ананың педагогтермен жеке сөйлесуі арқылы баланың үлгеріміне егжей-тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік беру.
Қазақтың біртуар ұлы, ақын, философ, жазушы Олжас Сүлейменов
20
май
2021
Қазақтың біртуар ұлы, ақын, философ, жазушы Олжас Сүлейменов
Бүгін, қазақтың біртуар ұлы, ақын, философ, жазушы Олжас Сүлейменовтың 85 жасқа толған мерейтойына орай гимназиямызда ақын өлеңдері мен шығармашылығын талдауға арналған қос тілде дөңгелек үстел болып өтті. 8-10 сынып оқушылары арасында өткен дөңгелек үстелдің мақсаты: жастардың бойында ұлттық рухты көтерумен қатар, Олжас Сүлейменовтың шығармалары мен өмірінің беймәлім қырларымен таныстыру. 
Адамның бақыты — балада.
15
май
2021
Адамның бақыты — балада.
Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе.