Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 74
«Елбасы медалі»
16
апрель
2021
«Елбасы медалі»
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.  Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.
БІЛІМДІЛЕР АЙНАСЫ
13
апрель
2021
БІЛІМДІЛЕР АЙНАСЫ
Қалалық олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған білім алушыларымызды және жетекші ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫ құттықтаймыз. Тек АЛҒА!  
БІЛІМДІЛЕР АЙНАСЫ!
13
апрель
2021
БІЛІМДІЛЕР АЙНАСЫ!
Қалалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 11 “А” сынып оқушысы Арын Айдана “Тарих” пәні бойынша 1-орын, 11 “Г” сынып оқушысы Имангазина Әдемі “Қазақ мектептеріндегі орыс тілі” пәні бойынша 1-орын, 10 “ А” сынып оқушысы Бауыржан Альмира “қазақ тілі мен әдебиеті” пәні бойынша  2- орын иеленіп Республикалық деңгейдегі олимпиадаға өтіп отыр. Алдағы, Республика көлемінде болатын олимпиадада жеңіспен келулеріңізге тілектеспіз. Сәттілік. #175gymnasium  #175жастары
12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні
12
апрель
2021
12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні
12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. 2011 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев жарлық шығарып, 12 сәуірді ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітті. Мерекені атап өту 2012 жылдан басталды. Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген. Осындай ерекше күнге орай гимназия оқушылары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлем тілдері факультетінің профессоры Сансызбаева Сандуғаш
Қазақстанның "Байқоңыр" айлағынан алғашқы ғарыш кемесі көкке көтерілді
12
апрель
2021
Қазақстанның "Байқоңыр" айлағынан алғашқы ғарыш кемесі көкке көтерілді
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның "Байқоңыр" айлағынан алғашқы ғарыш кемесі көкке көтерілді. Бұл – адамзат тарихындағы айтулы оқиға еді. Осылайша Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Одан бергі аралықта қаншама ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовте бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды. Осы мерекеге
Елімізде геологтар күні мерекесі қарсаңында 9 сыныптарда "Геологиялық мұражайға саяхат" сабағы өткізілді
08
апрель
2021
Елімізде геологтар күні мерекесі қарсаңында 9 сыныптарда "Геологиялық
Елімізде геологтар күні мерекесі қарсаңында 9 сыныптарда "Геологиялық мұражайға саяхат" сабағы өткізілді.  Оқушыларға қазақтың тұңғыш геолог ғалымы , академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев  атындағы және  осы мереке қарсаңында Нұрсұлтан қаласында ашылған геологиялық мұражай туралы таныстырылды.  Оқушылар Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің өмір жолымен танысты.  Мұражайдағы әр экспонат туралы құнды мәліметтер берілді. #175gymnasium  #175жастары
“Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл” тақырыбында пікірталас өтті
08
апрель
2021
“Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл” тақырыбында пікірталас
Бүгін 10-сыныптар арасында, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай “ Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл” тақырыбында пікірталас өтті.  Пікірталаста оқушылар белсенді қатысып, “Семей ядролық полигоны” туралы жинақтаған ақпараттарымен бөлісе алды. #175gymnasium  #175жастары
Ата-аналардың және мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына!
30
март
2021
Ата-аналардың және мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына!
Ата-аналардың және мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына! Алматы қаласының Білім басқармасы білім саласына қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен тікелей байланысуға болатынын хабарлайды.