Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 70
“Ер есімі - ел есінде”
08
май
2021
“Ер есімі - ел есінде”
Өскенбаев Әріпбай Алматы облысы, Кеген ауданы Тоғызбұлақ ауылынан 1943 жылы Ұлы отан соғысына 17 жасында аттанып, Ленинград, 3-ші Белоруссия майдандарында артеллерист болып жауымен шайқасып, кескелескен ұрыстарда елімізді фашист басқыншыларынан азат ету жолында ұлы жеңіске өз үлесін қосты.
Жеңіс күні - Халықтың бірлігі, тыныштығы, тұрақтылығы
08
май
2021
Жеңіс күні - Халықтың бірлігі, тыныштығы, тұрақтылығы
Мен Бақытжан Алдияр атам туралы айтқым келіп отыр. Атам Жақыпбек Тілеген 1921 жылы 15 мамырда Алматы облысы Жамбыл ауданы Сергеевка ауылында дүниге келген. Мамандығы математика пәнінің мұғалімі.Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі атағын алған. Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысқан.      1941 жылдан 1943 жылы Ұлы Отан соғысының қызу кезінде Сталинград түбіндегі шайқаста болған. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткені үшін медальдарын омырауына тақты. Жеңіс күні - Халықтың бірлігі, тыныштығы,
БІЛІМДІЛЕР АЙНАСЫ!
08
май
2021
БІЛІМДІЛЕР АЙНАСЫ!
Гимназия оқушылары “Zerdeli” ақыл-ой дамыту орталығы ұйымдастырған, “Алтын түлек” олимпиадасына қатысып  10А сынып оқушысы Рахат Жанел-Бас жүлде 50 мың теңге ақшалай сыйлық,  Нұрғалиқызы Маржан 10А сынып оқушысы 2 орын 10 мың теңге ақшалай сыйлық,  10Ә сынып оқушысы Қырықбаев Сағындық  3 орын 5 мың тг ақшалай сыйлықтарға ие болды. Сонымен қоса әр жеңімпазға орталық курстарына 60% жеңілдік берілді. Гимназия оқушыларын шын жүректен құттықтап, биік белестерден көріне беріңіздер дегіміз келеді.
КАДЕТ сыныбы “28 Панфиловшылар” саябағында
07
май
2021
КАДЕТ сыныбы “28 Панфиловшылар” саябағында
Гимназиямызда, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “7 мамыр- Отан қорғаушылар күні” мерекелік іс-шаралар аясында КАДЕТ сыныбы “28 Панфиловшылар” саябағында гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.
Құрметті, Отан қорғаушылар!
07
май
2021
Құрметті, Отан қорғаушылар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, ел тыныштығын сақтауда әскери сарбаздарымыздың атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміз айбынды болсын!
«Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды»
06
май
2021
«Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды»
«Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» дегендей, мен Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері атам Байдүйсен Оразовтың азаматтық асыл істерін еш уақытта ұмытпаймын. Оразов Байдүйсен 1911 жылы туылып, 1986 жылы 29 қаңтарда қайтыс болған.  Ол  1929 жылдан бастап Еңбекші колхозында жұмыс істеді.
Ұлы Жеңіс!
06
май
2021
Ұлы Жеңіс!
Ұлы Жеңіс! Адамзат – өмірін ұлы қайғыдан, адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы соғыс деген азаптан құтқарған Жеңіс – бұл! Міне биыл Ұлы Жеңіске – 76 жыл. Осы Жеңіс жолында от кешіп, ерлігімен танылған адамдарды әркез есте сақтау - парыз Қаншама адам жақындарынан айырылды? Соғыс жылдары қаншама туған жерден жырақ жүріп, қаншасы жат жерде жерленді? Сол ерлердің арасында менің атам де болған еді.
“Үлкенге- құрмет, кішіге міндет”
06
май
2021
“Үлкенге- құрмет, кішіге міндет”
Бүгін гимназияда дәстүрлі форматта “7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне “арналған “Үлкенге- құрмет, кішіге міндет” тақырыбында кітапханада кітапханашы Ақылбаева Гүлмира апайымыз КАДЕТ сыныбымен көрме ұйымдастырды. Көрмеден оқушылар жаңа ақпарат алып, өз ойларымен бөлісті.      
2 “Ғ” сынып оқушылары шын жүректен құттықтайды.
05
май
2021
2 “Ғ” сынып оқушылары шын жүректен құттықтайды.
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскерімізді келе жатқан мерекесімен гимназиямыздың 2 “Ғ” сынып оқушылары шын жүректен құттықтайды.