Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 65
Психолог кеңесі
19
октябрь
2021
Психолог кеңесі
11 сынып оқушыларының тестке даярлығын қалыптастыру және психологиялық тұрғыдан сүйемелдеу мақсатында гимназия психологы Шокалакова Б. К.  11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.  11 сынып оқушыларының темперамент типін айқындау үшін тест алынып,  қорытындысымен жеке таныстырып,  психологиялық кеңестер мен ұсыныстар берілді.  Кездесу соңында оқушыларға кинесиологиялық жаттығулар жасатылып,  кинесиологиялық жаттығулардың тестке дайындықта тиімділігі, жасалу нұсқаулықтарымен таныстырып өтті.
«Білім бастауы – Әліппе»
17
октябрь
2021
«Білім бастауы – Әліппе»
Бастауыш сынып мұғалімдері: А.Б.Жанакулова мен Л.Н.Игембаеваның ұйымдастыруымен, 1 «Г» және 1 «Ғ» сыныптары оқушыларының қатысуымен, «Білім бастауы – Әліппе» тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Мақсаты: білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу болып айқындалды. Сынып сағатында оқушылар екі топқа («Дауысты дыбыстар», «Дауыссыз дыбыстар»)
Жолда жүру ережелері
15
октябрь
2021
Жолда жүру ережелері
Бастауыш сынып мұғалімдері Насурллаева Қ.А мен Жарылқасынова А.О ұйымдастыруымен сыныптан тыс іс шара ұйымдастырылды. 4 сынып оқушылары 1-сынып оқушыларын жолда жүру ережесімен таныстырды. Мақсаты: жолда жүру ережесін есте сақтау, жол белгілерінің түрлерімен таныстыру, бағдаршам туралы толық білу, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету Бағдаршамның түстерін үш тілде айтып, 1 сынып оқушыларының  сұрақтарына жауап беріп , өздерінен кіші буынға үлгі бола білді.
Қалам мен қаруды қатар ұстаған — Қасым Аманжоловқа 110 жыл!
08
октябрь
2021
Қалам мен қаруды қатар ұстаған — Қасым Аманжоловқа 110 жыл!
Қалам мен қаруды қатар ұстаған — Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай Қазақстан Жазушылар кітапханасында өткен іс-шарада гимназиямыздың оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп  оқыды. Сонымен қатар оқушылар ақын шығармашылығына ұйымдастырылған көрмемен танысты.
“Қарты бар үйдің қазынасы бар”
01
октябрь
2021
“Қарты бар үйдің қазынасы бар”
“Қарты бар үйдің қазынасы бар” демекші, қазақ қарттарын құрметтеген ел. Қашан да қарияға төрден орын беріп, қадірін түсірмеген. Ал бүгін сол байлыққа бергісіз қасиетті қарттарымыздың төл мерекесі! Барша ардагерлеріміз бен асыл әжелерімізді бүгінгі мерамымен шын жүректен құттықтаймыз! Текккен тердің өтеміндей өмірлеріңіз бақыт пен шаттыққа толы болсын#175гимназия
"Мықты қарт-мықты жастан шығады "
30
сентябрь
2021
"Мықты қарт-мықты жастан шығады "
"Мықты қарт-мықты жастан шығады " демекші,біздің жас буын бастауыш сынып оқушылары өздерінің қарияларды қаншалықты құрмет тұтатындықтарын "Қарттарым-асыл қазынам" атты эссе байқауында көрсете білді. Бұл байқаудың мақсаты: үлкенді құрметтей білу,ақыл-кеңесіне жүгіну,қариялардың даналығын меңгеру. Ендеше,1 қазан "Қарттар күні " құтты болсын! Ақылы дариядай қарияларымыз аман болсын!