"Физика, математика, информатика сабақтарында медиасауаттылықты қалыптастыру" » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Физика, математика, информатика сабақтарында медиасауаттылықты қалыптастыру"
04
март
2022

"Физика, математика, информатика сабақтарында медиасауаттылықты қалыптастыру"

Гимназида Жаратылыстану - математика кафедрасында "Физика, математика, информатика сабақтарында медиасауаттылықты қалыптастыру" тақырыбында өткен онкүндік барысында білім алушылардың оқу танымдық қасиеттерін арттыру және медиасауаттылықты қалыптастыру білімге деген қызығушылығын ояту мақсатында түрлі іс – шаралар мен семинар және ашық сабақтар өткізілді. «Роботтар әлемі» 5 – сыныптар арасында шапшаң құрастырудан сайыс, 9 – сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшы», 6 – сыныптарда «Кім тапқыр» интеллектуалды сайыстар, «Мектеп оқушыларына медиасауаттылықты қалыптастырудың заманауи тәсілі» тақырыбында педагогтермен семинар, 5 Б сыныбында "Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу", 7 Бсыныбында "Екі өрнектің квадраттарының айырмасы", 6 Г сыныбында "Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу", 9 Ғ сыныбында "Косинустар теоремасы", 11 А сыныбында "Иррационал теңдеулер мен олардың жүйелері", 10 Г сыныбында "Электр заряды. Зарядтың сақталу заңы" тақырыптарында ашық сабақтар өткізілді.
Жаратылыстану – математика пәндеріне деген түсінік пен қызығушылықты ояту мақсатында ұйымдастырылған шараларға 5 – 11 сынып оқушылары белсене ат салысты.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: