Ұрпаққа үлгі болған ерлік... » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұрпаққа үлгі болған ерлік...
21
февраль
2020

Ұрпаққа үлгі болған ерлік...

Ұрпаққа үлгі болған ерлік...
Ия, казақ халқының тарихында батыр ұлдары аз болмаған. Солардың ішінен Ауған соғысы кезінде қазақтан шыққан Қара майор ағамыз сынды сын сағатта жанын беруге дайын болған Хас батырларын айтсақ болады.
Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шыққанына 31 жыл толып отыр. Осыған орай, біздің #175 Гимназиямызда Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілген болатын. Кездесу 8-9 сыныптардың ардагерлермен кездесу және 10-11 сыныптар арасында әскери спорттық ойын түрлерінен жарыс ретінде 2 бөлім бойынша өткізілді.
Кездесуіміздің қадірлі қонақтары, ауған соғысы ардагерлері Абдикалыков Адил (Құрмет орденінің иегері) Маглумов Дуйсен, Даркенбаев Байдаулет (Айбын орденінің иегері), Сайлан Болат (Құрмет орденінің иегері), Байтугелов Биржан, Халмаганбетов Бақыт, Медиев Қайрат, Алпысбаев Мақсат, Жорабаев Асқар, Смагулов, Абдрахманов Асхад ағаларымыз болды.
Кездесу оқушылар үшін патриоттық рухқа және рухани әңгімелерге толы кездесу ретінде есте қалды.Ал, ардагерлер бүгінгі ұрпаққа өткен күннің қиындықтарын айтып, бүгінгі бейбіт таңның қадірін білуді өсиет етіп айтты.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын 🙏
#175gymnasium
#Ауғансоғысы
#Ауғансоғысына31жыл
#175жастары
#мектепөмірі 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: