25
апрель
2025
«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс»
Гимназиямызда жас мамандар онкүндігінің аясында Шамшыханов Мұхтархан мен Бауыржанұлы Нұршаттың ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіс күніне орайластырылған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» тақырыбында пікірсайыс турнирі өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушылардың тарихи танымын кеңейту, сыни ойлау мен шешендік қабілеттерін дамыту, сонымен қатар Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру болды.
Дебат барысында оқушылар соғыстың тарихи маңызы, бүгінгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік және бейбіт өмірдің құндылығы жайлы өз пікірлерін еркін жеткізе білді. Командалар өз ұстанымдарын дәлелдеп, қарсы тараптың ойына сауатты қарсы дәлел келтіре алды. Дебат соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, ерекше әсермен тарқасты.
Мәңгілік жасайтын Жеңістің рухы – жас ұрпақтың жүрегінде!