16
декабрь
2024
Ашық сабақ: “Бағаналы жасушалардың практикада қолданылуы”
09.12.2024ж. Биология пәні 11”А” сыныбымен “Бағаналы жасушалардың практикада қолданылуы” тақырыбында А.С.Қылышбаева ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында qr код әдісімен бөліп, socrative.com, genially.com, padlet.com платформаларын тиімді қолданды. Топтық жұмысына “Фрайер модельі”,”FILA” кестесі, “Екі жақты күнделік” әдістері ұтымды пайдаланылды. Сабақ барысы функционалдық сауаттылыққа негізделіп жоғары дәрежеде өтті.